Қазан 24, 2019
Banner Content
Бөлісу

Оқырман: Өзімді қалай қабылдасам болады? Басқалармен салыстырғанда өзімді төмен санаймын. Психологиялық кітаптар оқып шықтым, көмегін тигізіп жатқан жоқ. Не істесем болады?

Назгүл Беспаева: «Өзіңді бағалау» аты айтып тұрғандай, өзіңді қалай бағаласаң, сені жұртта солай бағалайды. Сол үшін  өзіңізді жоғары, табысты жұмысқа, ыңғайлы қарым қатынасқа тағы сол сияқты жоғары жетістістік пен жақсы дүниелерге лайықпын деген шешімді саналы қабылдау керек.

Көп жағдайда, ондай шешім қабылдауға біздің бала күнімізден келе жатқан комплекстарымыз, блоктарымыз бен ұстанымдарымыз, мысалы, «бет әлпет осылай болуы керек, шаш осындай болу керек, осылай сөйлеп, осылай жүріп, тұру керек» деген шаблондарымыз кедергі келтіреді.

Ал мұндай ойдан кейін «мен ондай емеспін, демек мен дұрыс істемеймін» деп өзіңізді мүлде басқа жағдайда тәрбиеленген өзге біреумен салыстырып, өзіңе төмен баға бересің.

  1. Мынаны жақсы ұғу керек: Сен басқа жағдай да, ол адам басқа жағдайда, тіпті бір жағдай болған күннің өзінде, сені бұл өмірдегі тапсырмаларың мен алар тәжірибең ешкімдікіне ұқсамайды! Сол үшін бүгіннен бастап өзіңді біреумен салыстыруды қой!
  2. Екіншіден, қолына қағаз бен қалам алып, бір бағанға өзіңнің жақсы жақтарыңызды, өнеріңізді, мінез-құлық, жағымды әдеттеріңіз жайлы жазып шығыңыз. Екінші бағанға, керісінше, жағымсыз мінез құлықтарыңызды жазып шығыңыз. Өзіңізбен барынша шынайы болыңыз.Сол кезде сізде нақты өзіңіз жайында картинка пайда болады. Енді осы жақсы, жаман қасиеттеріңіздің барлығын, олар сіздің бір бөлшегіңіз ретінде қабылдаңыз. Барлық мінезіңізді жақсы көріңіз. «Иа, ол менде бар. 5%, 20%, 50% болса да бар. Олар маған кейде көмектеседі» деп қабылдайсыз. Сізге бірден жеңіл болады. Бұл жаттығудан кейін, жазылған жағымсыз қасиеттеріңіздің бетіне тура қарап, олармен саналы түрде жұмыс жасай бастайсыз.
  3. Үшінші тәсіл, ол дәл қазір 10 адамға хабарласып, оның 2-3-і дос, 2-3 жай таныстарыңыз, 2-3-і туған-туыстар болсын. Қоңырау шалып, оларға сіздің қандай мінезіңіз, іс-әрекет, әдеттеріңіз ұнайтынын сұраңыз. Соларды жазып, алып. Кейде оқып жүріңіз. Өте тамаша жаттығу. Өзіңізді бағалау шкалаңыз көтеріледі.
  4. Тағы бір маңызды тәсілдің бірі күн сайын күнделікке «Менің қолымнан келеді» деген дүниелерді жазып отыру керек.
  5. Одан кейін үшінші чакра, яғни манипураны ашу керек. Сол кезде сіздің мінезіңіз қатайып, өзіңізге деген сенімділік артады, күш-жігер нығаяды. Бұл чакраның жақсы жұмыс істеуіне спортпен айналысу да ықпал етеді. Одан бөлек маған жеке қабылдауға келсеңіз де болады.
  6. Өзіңізге ғашық көзбен қарап үйреніңіз. Ол үшін сізге кім махаббатпен жылы қарайды соны еске түсіріңіз. Ол анаңыз, не ұстазыңыз, не жолдасыңыз болуы мүмкін. Соның сезімін ұстап алуға тырысу керек. Сосын өзіңе солай қарауды әдетке айналдыр. Үнемі жақсы көңіл-күймен айнаға қарап, жақсы сөздер айтыңыз.

Бізде өзін бағалаудың төмен болуына әлеуметтік желінің де әсері бар деп ойлаймын. Инстаграмға қарап жұрттың бәрі ақшаны миллиондап тауып, қыдырып жүр, ал сен үйде алба-жұлба болып отырған сияқты көрінесің. Шын мәнінде олай емес! Ол жай желідегі өмір Онымен өзіңізді салыстырудың керегі жоқ! Қаласаңыз сіз де солай жүре алатыныңызға сеніңіз! Сосын алдыңызға дұрыс мақсат қойыңыз. Сіз үшін не маңызды соны анықтап, ұнамайтын қасиетіңізден құтылуға тырысыңыз. Ең жақсысы – ұнамайтын мінезіңізді дұрыс бағытқа бұру. Мысалы, менің ешкімге «жоқ» деп айта алмайтыным бар еді. Соған өзімнің ашуым келетін. Ал кейін мен сол арқылы Құдайдың жақсылығы келіп жатқанын түсіндім. Осыдан кейін менің көңілім орнына түсті дей аламын. Сіздерге де осыны ұсынар едім. Байқап көріңіз, пайдасы тиеріне сенімдімін. Нәтижесін бөлісуді ұмытпағайсыз?

Фото: pixabay.com 

Ikerim.kz


Бөлісу
Banner Content
Тегтер: , , , , ,

0 Пікірлер

Пікір қалдыру

one × four =

kkKazakh
kkKazakh