Таңдай қақтырар тамылжыған тамыз айы өтісімен қоңыр күз де өз сыйын ала келеді емес пе?! Алайда күрең күз басталысымен барлық қыз-келіншектерге күздің қоңыр салқын ауасы əсер ететіні белгілі. Бұл кезеңде жұмысқа деген құлшыныс азаяры сөзсіз. Сонымен қатар айналаңыздағы барлық адам көңіліңізге қаяу салатындай сезімді бастан өткересіз.
Күзгі күйзеліс арулар мен əйелдер үшін бірнеше күн емес, айға созылуы заңдылық. Жалпы қыз-келіншектердің күзгі күйзеліске түскендігін мынадай жайттар арқылы біле аламыз:
1) айна алдында телміріп өзіңізді ұсқынсыз əйел кейпінде көресіз.
2) гардеробыңызға көңіліңіз толмай, киімдер топтамасына жаңа үлгідегі киімдерді қосқыңыз келеді.
3) көңіл-күйіңіз де күзгі ауа-райы секілді құбылмалы келеді.
4)өзіңізге күтім жасаудан қашқақтап бара жатқаныңызды байқайсыз.
Осы белгілерді дəл қазір өз бойыңыздан байқадыңыз ба? Ендеше бірнеше кеңестерге көз жүгіртіп өтсеңіз, артықтық етпейді:
1)Күздің əдемі ақ таңын қарсы алуға асығыңыз.
Күз мезгілінде барлық нəрсе қанық түске боялады. Күздің əр атқан таңы сізге шуақ сыйлайды. Сондықтан ерте тұрып таң шапағынан құр қалмаңыз. Ерте тұру сізге күні бойына сергектік сыйлайды.
2)Қыдырыңыз.
Үйде өз-өзіңізбен ой түбінде отырмауға тырысыңыз. Көшеге шығып бірнеше сағат серуендегеніңіз абзалырақ.
3) Жылы киініңіз.
Ауа-райы салқындап суытқан жағдайда, жылы киініп, ыстық кофемен, жылы көрпеге оранып теледидар қараңыз. Бұл да өзінше рақат сезімге бөлейді.
4)Спортпен айналысыңыз.
Күнде таңертеңгілік уақытта 10 минутыңызды жаттығуға арнаңыз. Егер спортпен айналысқан ұнамаса, қозғалыста болғаныңыз дұрыс.
5) Дұрыс тамақтаныңыз.
Бұл кезеңде диета ұстамауға тырысыңыз, себебі əлсіздік басыңыздан өтетін уақыт болып табылады. Ағзаңызға зиянын тигізуі ғажап емес.
Дəруменге бай тағамдарды тұтыныңыз.
Жеміс-жидектерді көбірек жеуге тырысыңыз. Бұл да сізге күш-қуат сыйлары сөзсіз.
6) Дүкен аралаңыз.
Əйелдер мен қыздап үшін бұл бірден-бір ем десек те болады. Күйзелістен арылуыңыздың таптырмас құралы.
7)Қонақ шақырыңыз жəне жиі қонаққа барыңыз.
Өзгелермен араласу ойыңызды бөліп, еркіндік сыйлайды.
8)Жаман əдеттерден арылыңыз.
Ұрыс-керіс, реніш, өкпе сияқты дүниелерге бой алдырмаңыз.
9) Соңғысы психологтың көмегіне жүгінген де артық болмайды.
Ішкі жан-дүниеңізді бір емдеп алыңыз!
Иə, күзгі күйзеліс адам жанына қаяу салар дүние. Барлық нəрседен өз уақытында айыққан дұрыс. Күз уақыты келгенде табиғат өз бояуына енеді, уақыты келгенде жапырақтар да ағаштан түседі. Егер қалып қойса, қар басады.
Адамдар да сондай…жапырақ сияқты… өз уақытында түсіп үлгеруі қажет. Əйтпесе қар басып қалса, оның жарасын өзінен басқа кім емдемек?!
Ал сізге күз қалай əсер етіп жатыр? Күйзелістен қалай арылудасыз? Ойыңызбен бөлісіңіз…
Автор: Бошан Несібелі
Фото: ашық дереккөзден