Жаулық (фата)-қыздардың нәзіктігі мен пәктігінің символы. Оны барлық елдің қалыңдықтары тағады десек артық айтпаймыз. Дағды бойынша, той басталғанда фата келіннің бетін жауып тұруы тиіс. Ескі сенімге сүйенсек, жаулықтың бетті жауып тұруы қалыңдықты сырт көзден қорғайды екен.
Жаулықты қазақтар беташар біткеннен кейін ашса, басқа халықтар некелесу рәсімінен кейін түреді. Бетіңізден ақ орамал ашылғаны сіздің қыз ғұмырыңыз бітіп, үлкен жолға түскеніңізді аңғартады. Біздің халқымызда көбінде қалыңдық бетіндегі жаулықты әулеттің үлкен анасы ашады.
Ал, басқа халықтарда өз жары ашатын көрінеді, ол келген келін күйеуінен кіші тұрып, оны силасын дегенді білдіреді. Кейде жаулығын келіннің өзі ашуыда кездесіп жатады и.Мұның мәні жұбайына тең құқықты боламыз дегені-міс.
Алғашқы кезде өте ұзын, қыздың аяғына дейін түсетін жаулықтар сәнде болған. Бірақ, қазір заманның дамуымен фатаның да түрлері көбейген. Тіпті, пәктіктің символы болған ақ түстің орнын алқызыл, қызыл, сары түстер айырбастаған. Қыздардың арасында «жаулықтың ұзындығы арқаңыздан түсіп тұруы керек» деген жазылмаған заң бар. Осыны ескеріп көбі ұзын жаулықтарға таңдау жасап жатады. Қалыңдықтың маңызды жұмысының бірі саналатын жаулық таңдауға, қыздар әдетте анасымен немесе жақын туыс әпкесі болмаса, құрбысымен барғаны дұрыс.
Қызық ақпар: Әлемдегі ең ұзын жаулықты Ресейдің Омск қаласында тойы өткен қалыңдық таққан екен. Оның ұзындығы 3,5 км, салмағы 90 кг болған.
Ырымға сенетін қыздар жаулықты сатып алу керек деп есептейді. Әрі оны ешкімге бермейді. Ал, кейбірі жалға алуды құптайды екен. Сіз қай нұсқаны таңдайсыз? Сондай-ақ, сіздің фатаңыз қандай болды, оны қанша теңгеге сатып алған едіңіз?
Фото: ашық дереккөзден