Желтоқсан 6, 2019
Banner Content
Бөлісу

Ауыздан шыққан әрбір сөзде құдірет бар. Ол адамды қуантуы, жылатуы немесе үміт силауы мүмкін. Мысалы, өзіне сенімсіз адам жанындағыларды ығыр етсе, сенімді адам шабыттандырады. Сөзде солай әсер ететін күш, «атылған оқ» ешкімді жараламағаны жөн.  Біздер мына сөздерді мүлде қолданыстан шығаруға тиіспіз!


Мен әрқашан…
Мен әрқашан жақсылық ойладым… мен әрқашан өзім табыс табамын… мен әрқашан … осы сияқтылар тізіліп кете береді, бірақ әрқашан емес! Біраз уақыттан кейін бәрі басқаша болмасына кім кепіл.

Ой, сізде бір…
Адамның нәзік жанын осы бір сөз жаралауы ғажап емес, сұхбаттасушыңыз өзінің ойын немесе қорқынышын айтып тұрғанда, «Ой, сізде бір…» деп көсемсейтініміз жасырын емес. Әрине, оның дәл сол сәттегі сезіміне сіз кіре алмайсыз, бірақ түсуге тырысыңыз!

Ол адамда болуы әділетсіз…
Иә, мүмкін өмір әділетсіз. Бірақ, бір адам жамандық көп істегенмен, ақшалы болса ол оның кінәсі емес. Ол бақыт менде болуы керек еді, ол адам лайық емес деп айтпақ түгілі, ойлауға да болмайды. Одан тек өзіңіз ғана қиналасыз!

Егер солай болғанда… мен былай істер едім….
Бақыт осы сәттен басталады. Осы қауқарыңызға лайық бақытты алыңыз! Егер, ақшам болса өз ісімді ашар едім немесе үлкенірек үй сатып алып бақытты болар едім, болмаса, ақшам миллионға жеткен күні нағыз өмір сүруді бастаймын деген сықылды ақымақ ойлардың да пайдасы жоқ. Сол миллион табу үшін қанша уақыттан, қаншама әсерлі сәттен бастартуыңыз
қажет болуы мүмкін.

Бастысы, шынайы күлу, бақытты болу өзіңізден басқа ешкімге, ешнәрсеге тәуелді емес.


Бөлісу
Banner Content
Тегтер: , , , , , , , ,

0 Пікірлер

Пікір қалдыру

5 × 4 =

kkKazakh
kkKazakh