Тері күтіміне арналған кеңестер - Ikerim.kz

Тері күтіміне арналған кеңестер

Сіз теріңіздің қабыршақтануы не болмаса түлеуіне жиі тап боласыз ба? Бəлкім, бұл мəселелердің негізгі кілті-ауа-райының өзгерісі мен суық ауаның əсерінен де болар. 

Қандай күтім керек екенін білу үшін, сізге теріңіздің типін анықтап алу керек. Құрғақ немесе ылғалды ма?

Егер:
Сіз тазаланып, жуынғаннан кейін теріңіздің жиырылу қаупін сезсеңіз, қабыршақтану мен бұжырлылық терінің өңін қашырса, бет бейнеңіздегі əжімдер ажарыңызды құрдымға кетірсе – теріңіз құрғақ және сізге міндетті түрде теріні нəрлендіретін жақпалар қажет деген сөз.

Тері құрғауының басты себептері:
1.Сұйықтықтардың мөлшерден кем қолданылуы.
2.Арнайы күтімнің мұқият қадағаланбауы.
3.Құрғақ ауаның əсері.
4.Спиртті жəне алкогольді ішімдіктердің пайдаланылуы.

Мұндай жағдайда сулы теңгерімді қалыпқа келтіру керек. Бұл мəселеде таза ауаның ықпалы зор. Сонымен бірге мына пайдалы ақпараттармен танысып, қолдануға тырысыңыз. 

1)Əр күн сайын екі мəрте сарысу мен концентраттарды, арнайы жақпаны қолданыңыз.
2)Бет күтіміне арналған маскаларды алып, теріңізді қалпына келтіруді ұмытпаңыз. .
3)Косметологпен кеңесіп, ылғалдандыратын жақпа алып, уақтылы жағуды қадағалаңыз. Сонда теріңіз нəзік қалыпқа түседі.
4)Ылғалдандыратын заттардың құрамында: гиалурон қышқылы, глицерин, пропиленгликоль, алоэ шырыны, хитозан жəне су экстрактының болуын қатаң бақылауда ұстаңыз.
5)Есіңізде сақтаңыз! А,В,С,Е дəрумендеріне бай жақпалар зиянды ультракүлгін сəулелерден сақтайды.

Əр түрлі жастағы жандарға арналған ылғалдандыратын жақпа таңдау кезінде ерекшеліктерге де баса назар аударған жөн.
25 жасқа дейінгі əйел адамдарға арналған косметикалық заттарда антиоксиданттар мен Е жəне С дəрумені болса, 35 жастан асқан нəзік жандылардың косметикалық өнімдерінде керамид пен пептид кездеседі. Сол себепті теріні қалпына келтіретін арнайы компоненттер қажет. Тағы бір ескерте кететін жайт: суық мезгілде теңіз балдырының майын теріңізге жақсаңыз-ыңғайлы болмақ!

Автор: Самидин Аружан

Фото: pixabay.com

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Previous Post

Сәнқой қыздарға арналған 12 кітап

Next Post

Күзде күйзелме