Түркістандық жастар науқастарға қымыз бен дәрі таратты

Елді індет жайлаған уақытта әр азаматтың көмегі маңызды. Ауыр жағдайды еңсеріп, індетті жеңіп шығу үшін халық болып бірігіп, әр кім өзі үшін, өзге үшін қолынан келген көмегін көрсетіп, жалпыұлттық күрес жүріп жатыр. Осы орайда еріктілерге жүктелген міндет те жоғары.

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Амалбек Өміртайдың айтуынша, түркістандық ерікті жастар да түрлі шаралар мен көмек көздерін ұйымдастырып жатыр. Әр аудан бойынша бақылауға алынып, нақты тапсырмалар да берілген.

Осы ретте Төле би ауданының Жастар ресурстық орталығы мамандары мен еріктілері ауруханада жатқан науқастарға 300 литр саумал-қымыз бен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға дәрі таратты.

Төле би аудандық Жастар ресурсттық орталығының басшысы Пердебек Сержанұлы: «Біз де ауданымыздың ауруханаларында жатқан науқастардың хәліне алаңдап, ақпараттар алып отырмыз. Бүгін дертке дәру, жанға шипа болсын деп саумал және қымыз тараттық. Қазір үш ауруханада 123 науқас бар екен, оның әрқайсынына үлестірдік. Алдағы уақытта да осы үрдісті жалғастырмақ ниетіміз бар. Өйткені ем ретінде жүйелі пайдалану науқасқа әсер етеді деп сенеміз.

Сонымен қатар, ауданда парецетамол дәрісіні тапшылықты байқап, бұл мәселені де шештік».

Аурухана дәрігерлері мен ем алушылар өзара байланысты қуана қабылдап, алғыстарын жаудыруда.

 

Total
1
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Previous Post

Қаламқас Өтебай: “Өнер жайдан жай қонбайды!”

Next Post

Амалбек Өміртай: “Қазақ ғылымының мектебі қалыптасуы керек”