Қазан 21, 2021
Banner Content
Бөлісу

Қазір Қазақстан мүлде жаңа дәуірге қадам басты. Соған сәйкес қоғамдық өмірдің барлық саласы түбегейлі өзгеруде. Жаһанды тұрақсыздық жайлап, көптеген жаңа сын-қатер пайда болып жатқан кезде біз бағдарымызды бекемдеп, болашаққа көзқарасымызды айқындай түсуіміз қажет. «Бірлігіміз – әралуандықта» деген басты қағидамыз ешқашан өзгермейді. Сондықтан, этносаралық қатынастардың үйлесімді дамуы Қазақстанның мемлекеттік саясатының басты бағытының бірі болған, әрдайым солай болып қала береді.  Биыл егемен ел болғанымызға 30 жыл толып отыр. Тәуелсіздік – біздің ең қастерлі құндылығымыз. Қазақстан Тұңғыш Президентіміз – Елбасының дара саясатының арқасында табысты ел ретінде бүкіл әлемге танымал болды. Ең басты жетістігіміз – біртұтас ел болып, жаңа мемлекет құрдық. Іргемізді бекітіп, еңсемізді тіктедік. Халықаралық қауымдастықтың белді мүшесіне айналдық. Тұрақты қоғам қалыптастырып, орнықты даму жолына түстік. Мемлекеттілігімізді нығайту үшін бір ел болып еңбек етіп жатырмыз. Егемендік дегеніміз – жалаң ұран мен жалынды сөз емес. Біз үшін ең маңыздысы – әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы. Оның басты көрінісі – елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық. Сондай-ақ, халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы және жастардың болашаққа нық сеніммен қарауы. Түрксойл туын тіккен Түркістан бүкіл  исі мұсылман түркі халқының мәдениет ошағы. Ел президентінің жолдауы аясында түркі халқының иық тіресіп, бейбітшілікте, татулықпен ынтымақтасып,  бірлесе қызмет етіп, ұрпақ тәрбиелеуде. Түркістан облысы Оңтүстік өңір ұлтаралық мәдениет пен татулықтың қайнар көзі. Ұлт пен ұлыс бірлікте, татулықта өмір сүрсе, егеменді еліміздің туы мәңгілікке желбіреп, тұғырының берік болары анық. Тәуелсіздігіміздің   30 жылдығы құтты баянды болсын құрметті, Отандастар!

Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Р.С.Ибадуллаева


Бөлісу
Banner Content

0 Пікірлер

Пікір қалдыру

one × four =

kkKazakh
kkKazakh