Желтоқсан 7, 2019
Banner Content
Бөлісу

Сіздің үйіңізде киілмейтін киімдер көп шығар? Оған мұқтаж жандар да дәл сондай көп.  Оған қоса, киімнен келетін экологиялық зардап та көл-көсір. Мысалы, бір дана джинсы дайындау үшін төрт мың литрге жуық су қажет. Табиғатқа әкелетін шығын 33.4 кг көмірқышқыл газының ауаға бөлінуімен немесе 111 километр қашықтықтықты жүріп өткен көліктің ауаға әкелетін зиянымен парапар.

Киім өндірісінің кесірінен бөлінетін СО2 көмірқышқыл газының көлемі жыл сайын миллирд тонннадан асады – бұл әлемдегі барлық ұшақтар мен кемелердің қоса алғандағы зиянынан асып түседі.Тұтынылған киімнің 87%-ы қоқыстан табылатын болса, олардың табиғатта жойылып кетуіне 100 жылдан астам уақыт қажет екен.

Осындай зардаптардың алдын алуды көздеген республикалық жастар ұйымы мен оның төрағасы, танымал журналист Асхат Садырбай өзінің парашасында жұлдыздарға эстафета жолдаған.

Зерттеулерге сүйенсек, жыл сайын жер бетінде киімнің 150 миллиард данасы өндіріледі. Бұл 20 жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есеге көп. Киім өндірісі бұрынғыша мұнайдан кейін қоршаған ортаға ең зиянды және жойғыш өнеркәсіп ретінде екінші орында тұр екен.

Ұйымдағылар бұл эстафетаның негізгі мақсаты – қоғамды экологиялық тұтынудың қазіргі әдістерімен таныстыру, заттарды қайта өңдеу үшін қайырымдылық идеясын көпшілікке тарату, сондай-ақ қайта өңдеу жолдарын дамытуға ықпал ету және мұқтаж адамдарға көмектесу деп түсіндірді.

Сіз де қажетсіз заттарды тастамауға, мұқтаж адамдарға қабылдау пункттеріне(әлеуметтік ұйымдар, дүкендер) киім тапсыруға, заттарды қайта өңдеуге тапсыруға шақырады. Жастарға қолдау білдіргіңіз келсе, сізде #КиіміңдіСыйла акциясына қатысуыңызға болады.

Фото: Жеке мұрағаттан

 


Бөлісу
Banner Content
Тегтер: , , , , , ,

0 Пікірлер

Пікір қалдыру

eight − 2 =

kkKazakh
kkKazakh