Киімге сірке суын қосып жуудың 5 себебі - Ikerim.kz

Киімге сірке суын қосып жуудың 5 себебі

Киім жуатын кезде оған кір ұнтақ пен ағартқышты қосатыныңыз анық. Енді олардың қатарына сірке суын да қосып қойыңыз. Арзан және пайдалы өнімді киімдердің бәріне қолдана аласыз: көрпе жамылғылары мен сүлгілерден бастап, жаңа туған нәрестелерге арналған киім мен жеке іш киімдерге дейін.

Түсін сақтайды

Жуу сапасын жақсарту үшін кір жуғыш машинаға ½ стақан сірке суын қосыңыз. Сонда кіржуғыш әлдеқайда тиімді жұмыс істейді және жақсырақ жуады. Өйткені сірке суы маталардың созылуының алдын алады және сабын мен ұнтақтарды ерітеді.

Кондиционердің орнын басады

Егер кіржуатын мәшиненің кондиционер бөлігіне ½ стакан сірке суын қоссаңыз, ол матаны жұмсартады. Әсіресе төсек орын жабдықтары мен сүлгілерге қоссаңыз нәтижесін бірден байқайсыз.

Ағартады және дақтарды кетіреді

Сірке суының тағы бір қасиеті – киімді жақсы ағартатыны. Ақ киімдерді бірнеше минутқа сірке суы қосылған суға қалдыруға болады.

Кір жуғыш мәшинені тазартады

Кір жуғыш мәшинеде дақтардың жиналуын азайтады. Сондай-ақ киімге сіңіп қалған жағымсыз иістерді де жояды.

Total
4
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Previous Post

Қазақ қызына жаным ашыды…

Next Post

Etiam Ante Sem Enim Ipsum Amet Eros Ligula Ullamcorper Vivamus Eu