Үй бикесіне арналған кеңестер - Ikerim.kz

Үй бикесіне арналған кеңестер

Бұл лайфхактар тәжірибеден өткен, сондықтан пайдалы боларына кепілдік береміз.

Жарқыраған тәрелкелер мен стақандар

Егер ыдыс жуғыш машина өзінің негізгі міндетін шеше алмаса, шыныаяқтар мен тәрелкелер таза жуылмайды. Ал оның әсерінен стақаныңыз бұлыңғыр болып, көңіл күйді тсүіреді. Ондай кезде мына әдісті ұсынамыз: Ыдыс жуғыш машинаның түбінде орналасқан сүзгіні алыңыз да, оны көлемдірек ыдысқа салыңыз, ыстық су құйып бір ас қасық ұнтақ қосыңыз. Бір сағатқа қалдырыңыз, содан кейін оны ыдыс жуыатын мәшинеге қайта салыңыз. Бұл барлық жинақталған майды сүзгінің бетінен алып тастайды және оның жаңа мәшинедей қызмет көрсетуіне ықпал етеді.

Шағылысқан айна

Әрине, біз айнаны тазартатын спрейлер енді қажет емес деп айтпаймыз: олар өз жұмыстарын жақсы атқарады, бірақ ескі айналардың жарқырауын қаласаңыз, біздің әдісті қолданып көріңіз: қара шай қайнатыңыз, оны ыдысқа құйыңыз.  Артынан айнаны шай жапырақтарына сәл суланған таза, түксіз матамен сүрту керек. Сосын таза, құрғақ шүберек пен қайта сүртіп алыңыз. Болды, айнаңыз енді жарыққа шағылысып жарқырайтын болады.

Хош иісті шаңсорғыш

Тазалық жұмыс жақсы білетініңізге шүбә жоқ, бірақ жетілдіруге де шектеу жоқ. Мысалы шаңсорғышпен үйтің шаңын ғана сорып қоймай, оны хош иістендіруге де болады. Ол үшін сұйық ванил сығындыларын пайдалануға кеңес береміз. Ол үшін шаңсорғышты тазалап, негізгі щеткасын алып тастаңыз. Содан кейін таза контейнерді ванилді суға шайыңыз.

 

Фото: pixabay.com

Total
36
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Previous Post

ТЕСТ: Тағамыңызға мән бересіз бе?

Next Post

Нумерология: Ақшадан таршылық көрмейтіндер кімдер?