Іштегі майдан арылудың жолдары - Ikerim.kz

Іштегі майдан арылудың жолдары

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша 2005 жылы әлем бойынша 1,6 миллионға жуық адам артық салмақтан жапа шеккен және 400-ге жуық қарт адам шектен тыс семіздікпен ауырған. Ұйымның анықтауынша семіздік басқа да аурулардың пайда болуына әкеп соғады, мәселен:

  • Диабет;
  • Жүрек ауруы;
  • Метаболиз синдромы;
  • Рактың кейбір түрлері;
  • Жүктілік кезінде күрделену;
  • Бауыр ауруы.

Сонымен, іштегі майдан құтылу үшін не істеу керек?

  1. Күнделікті ас мәзірін өзгерткен жөн

Тамақ жасауға қолданатын азық-түлікті шамаңыз жеткенше табиғи өнімдерге алмастырыңыз. Әсіресе, көкөністер майды кетіріп, ішек пен тағамға деген тәбетіңізді қалыпқа келтіреді.

  • Қант пен ұннан жасалған тағамдардан аулақ болу

Әсіресе, құрамында қант жасырынған газды сусындардан, энергетик, шырыннан бас тартыңыз. Ақ ұннан жасалған тағамдардан, ақ нанды уақытша жеуді тоқтаңыз.

  • Тамақтану дәстүрін қалыптастыру

Тамақты асықпай, әрбір түйірін жақсылап шайнап жұтыңыз. Тым қатты тойып алмас үшін өз порцияыңызды алдын ала бөлек салыңыз. Стресс, депрессия болған жағдайда тамаққа жүгірмеңіз.

  • Арасында ашығып тұру

Ашығудың түрлі жолы бар. Мысалы, таңғы асты ішпеу немесе тамақтану жиілігін 6-8 сағатқа ұзарту.

Ашығудың пайдасы:

  • Тез қартаюдың алдын алады;
  • Инсулин деңгейін қалыпқа келтіреді, әсіресе диабет немесе семіздікпен ауыратындарға пайдалы;
  • Ашығу ағзаның даму гармонына әсер етеді, бұлшықет жинауға көмектеседі.
  • Күшті талап ететін жаттығулар

Күніне 10-15 минут, бірақ тұрақты түрде ауыр жаттығулармен айналысыңыз. Уақытыңыз аз кетеді, қатты шаршайсыз, бірақ нәтижеге тез жетудің жалғыз жолы – осы.

  • Уақытылы әрі жеткілікті ұйықтау

Мамандардың айтуынша, ұйқының жетіспеушілігі де денеде майдың қалыптасуына әкеп соқтырады. Ересек адам күніне 7-8 сағат ұйықтауы керек. Ұйқының сапалы болуы да маңызды. Дұрыс ұйықтаудың пайдасы:

  • Стресс гармондарын қалыпқа келтіреді;
  • Тәбетті қадағалауға көмектеседі;
  • Жаттығу жасауға күш береді;
  • Қарныңыз қайта-қайта ашпайды, тәттіге құмартудан арылтады.
Total
39
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Previous Post

Қарлығаштың қанатындай: Қасы ең әдемі әлем жұлдыздары

Next Post

Жігіттер менімен таныспайды. Не істеу керек?