Banner Top
Ас содасының пайдасы қандай?

Ас содасы медицинада, асханада, бет күтімінде, үй тазалығына жалпы көп жағдайда бізге көмектесе алады әрі қолжетімді десек те болады.
Ендеше ас содасының қандай пайдасы бар, біле отырайық!
♦♦♦♦♦♦♦♦♦♦♦♦♦♦♦♦♦♦♦
Егер тамағыңыз мазалап, қышыса,  ыссы суда еріген ас содасын орамалмен тамағыңызға бассаңыз пайдасы мол. Тамағыңыздың қышығанын кетіріп әрі микробтан тазартады, қақырықтың түсуіне көмектеседі.
Жүрегінде мәселесі бар жандар да ас содасына жүгінсе болады. Егер жүрегіңіздін соғысы тым жиі болса, аздаған ас содасының ерітіндісін қабылдаса, жүрек соғысының қалыпқа келуіне ықпал етеді.
Сонымен қатар, сізді гипертония ауруы мазаласа да ас содасы жақсы көмектеседі. Ол ағзадағы артық нәрселерді шығарып, қан қысымының орнығуына жағдай жасайды.
Ас содасының аз мөлшердегі ерітіндісі әр түрлі суық тиюде пайдасын тигізеді. Мәселен, конъюнктивит кезінде, аяқтың түрлі мәселелерінде (аяқта саңырауқұлақтар пайда болуында, тізе және өкше терісінің қатпарлануында) ас содасының ерітіндісімен сүртсе пайдасы мол.
Ас содасы ваннасын қабылдау да теріге өте пайдалы. Ол үшін су толтырылған ваннаға 3 ас қасық ас содасын араластырып, 10-15 минут қабылдасаңыз жеткілікті. Нәтижесінде қан айналымы жақсарып, теріңіз жұмсара түседі. Сондай-ақ, теріде болатын әр түрлі бөртпелерден, инфекциялардан тазартады.
Халық медицинасында ас содасын түрлі жәндіктердің шағуынан кейігі жарақаттарды емдеу де кездеседі. Ара немесе маса шаққан орында ас содасымен сүртсе, тез жазылуына көмектеседі.
Егер маржандай, жылтыраған тістің иесі боламын десеңіз, тағы да, ас содасы сізге көмекке келеді. Ол үшін айына 2-3 рет ас содасын тіс пастаңызға қосып жуып тұрсаңыз, тістеріңіз аппақ, маржандай болады. Тістердің түбінің берік болуына да көмегін тигізеді.
Сонымен қатар, көпшілігіңізге таныс, асқазан қыжылы кезінде ас содасының ерітіндісін ішу. Мұны бірнеше жылдан бері естіп жүрміз. Алайда, дәрігерлердің айтуы бойынша, ас содасын ішкенде кейбір адамдарда кері әсер беріп жатады. Мұндай жағдайда ас содасын қабылдау дұрыс емес. Тек қана дәрігердің кеңесі арқылы ғана ем жасағаныңыз жөн!

0 Comments

Leave a Comment

1 × three =