Арқаңыздағы безеуден қалай арылуға болады? - Ikerim.kz

Арқаңыздағы безеуден қалай арылуға болады?

Безеу – бұл тек косметологиялық мәселе емес, егер олар пайда болса, ағзада ақау бар және оған дереу көмек керек деген сөз.

Арқаға безеу неліктен пайда болады?

Бұл жағдайдың екі түрлі себебі бар: ішкі және сыртқы.

Сыртқы түрі – гигенаның бұзылуынан пайда болады, сонымен қатар жағымсыз ауа-райы мен сапасыз киім де себеп болуы мүмкін.

Ішкі түрі – ағзаның бұзылуы негізінен эндокриндік байланыстың бұзылуы мен дұрыс тамақтабаудан туындайды.

Арқа безеуінің пайда болуының сыртқы себептері:

Гигенаның нашарлығы:

Ең көп таралған себептерінің бірі. Теріде көп бактериялар шоғырланады, тазалықты сақтамасаңыз безеулер пайда болады.

Сапасыз киім:

Синтетикалық киім немесе тығыз әрі қысытын киім теріге зиян келтірсе, сол бөлікте бактериялар мен безеулердің тууына әсер етеді.

Дұрыс күтілмеген шаш:

Жиі жуылмайтын ұзын шаштар да арқа безеуінің пайда болуына себеп болуы мүмкін. Қалыпты жуып жүргеннің ізінде сусабын мен судың сапасыз болуы да кері әсер етеді.

Сапасыз косметика:

Косметиканың теріні тітіркендіруі, яғни сізге сай келмеуі де безеудің пайда болуына әсер етеді.

Арқа безеуінің пайда болуының шкі себептері

Генетика:

Ата – ананызда бұл жағдай кездеске, сізде де болуы ғажап емес.

Дұрыс тамақтанбау:

Дұрыс тамақтанбаудан пайда болатын  безеу түрі жиі кездеседі. Тағам мөлшерінде өте көп майдың болуы, қарапайым көмірсу сонымен қатар қант мөлшерінің артық болуы да зиян.

Күйзеліс

Эндрокриндік системаның жұмысына эмоциялды күштің түсуі арқа безеуінің шығуына себеп болады.

Ішкі органдардың ауруы

Диабет, бауыр жұмысының бұзылуы, несеп – жыныс жүйесі, асқорту жүйесінің зақымдануы арқа безеу шығуына себеп бола алады.

Гармондардың бұзылуы:

Гармондық жүйенің өзгерісінен арқада безеудің пайда болуы әйелдерде көп кездеседі.

Арқаңыздағы безеуден қалай арылуға болады?

Егер сіздің арқаңызда безеулер болса, олармен өзіңіз күресуге болады.

Ол үшін:  Кез келген физикалық белсенділіктен кейін, сондай-ақ ұйықтар алдында душ қабылдаңыз.

Антибактериалды гигиена құралдарына ауысыңыз: дерматологтар күн сайын және үнемі бактерияға қарсы душ немесе сабын қолдануды ұсынбайды, бірақ егер сіздің арқаңызда безеулер болса, мұндай тазартқышқа уақытша ауысуға болады.

Шашыңызды жайып жүрмеңіз. Шаш пен арқаның терісінің байланысын азайту.

Табиғи матадан жасалған бос киімге ауысыңыз: егер терінің синтетикалық маталармен жанасуы немесе тым қатты киімнің салдарынан шамадан тыс терлеу болса, бұл сізге көмектесуі керек.

Диета ұстаңыз! Көмірсулар, қант, қуырылған тағамдарды күнделікті тұтыну рационынан алып тастаңыз.

Егер осы әдістердің бәрі көмектеспесе, дерматолог және эндокринолог маманға міндетті түрде қаралыңыз!

Total
9
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Previous Post

Нумеролог болжамы: Қыркүйек сынға толы ай

Next Post

Динара Болат: “Өмірдің мақсаты – “бақытты боламын” деген ұстаным болуы шарт”