Ақпан 26, 2020
Banner Content
Бөлісу

Әйелдің нәзік нүктесін қорғайтын іш киімнің біздің гардеробтағы орны ерекше. Гигиеналық инфекциядан қорғайтын және күн сайын киетін іш киімдерді таңдау да неге мән берген жөн?

Әрине ең бірінші кезекте таза әрі ыңғайлы болуы керек. Одан басқа қандай қағидалар барын төменнен оқыңыз.

Өлшемі өзіңізге сай болсын!

Іш киімнің өлшемі өте маңызды. Сол үшін өз өлшем бірлігіңізді анықтап алыңыз.  Оның өлшемі сіздің жамбасыңыздың ең шығыңқы нүктелерімен өлшенеді. Кішкентай болған іш киім сіздің жыныс мүшеңізді қажап, жараға айналдыруы мүмкін. Ал үлкен өлшем ыңғайсыздық тудырады. Сол үшін өзіңізге құйып қойғанын қараңыз.

Табиғи маталарды таңдаңыз

Иә, мойындау керек, қазіргі іш киімдердің сан ауландығы көз тартпай қоймайды. Торланғаны, кестеленгені деген секілді неше түрлінің арасынан ең дұрысы – таза мата. Ол сіздің теріңізге зиянды емес және ешқандай тітіркену тудырмайды.

Киімнің астында білінбеуі маңызды

Киімнің астынан іш киімнің шығыңқы контуры көрініп тұрғаны ыңғайсыз емес пе?! Сондықтан, киім-кешек пен іш киімді өлшемі бойынша таңдап, олардың формасы мен түрінің ерекшеліктеріне сәйкес көрінбейтініне назар аударыңыз.

Фото: Ашық дереккөзден


Бөлісу
Banner Content
Тегтер: , , , , , ,

0 Пікірлер

Пікір қалдыру

3 × five =

kkKazakh
kkKazakh