Banner Content
Бөлісу

Күні кеше өткен «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» жолдауын қалың көпшіліктің күткені рас. Өйткені қазіргідей кезеңде ел басшысының нақты стратегиялық бағыт пен бағдар беруі аса маңызды.

Ол сөзінде елді елеңдеткен әрбір мәселеге жекелей тоқталып, халық көкейіндегі сұрақтардың жауаптарын көрсетіп берді. Атап айтқанда, тұрғындарға зейнетақының бір бөлігін алу туралы ұсыныс біраздан бері көтеріліп жүр еді. Президент кеше өз сөзінде, келе жылдан бастап тұрғындар өз зейнетақыларын үй алу, не денсалуықтарын күту мақсатында пайдала алатын болады. Соған қоса, жауапсыз несие беруге заң жүзінде тоқтатуды айтты.

Елдегі індет кезінде ерекше еңбек еткен мұғалімдер мен дәрігерлердің де жалақысын өсіру туралы сөз болды.

Ең қуантарлығы – бала таба алмай жүрген отбасыларға ерекше назар аударылатын болды. Президент тапсырмасы бойынша, келесі жылдан бастап «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасы бастау алатын болады. Осы кезге дейінгі ЭКО-ға бөлінетін квота саны тағы жеті есеге артады.

Оның себебін «Отбасы-демографиялық жағдай алаңдатып отыр. Өкінішке қарай, Қазақстанда әрбір алтыншы отбасы сәби сүйе алмайды. Әлеуметтік сауалнаманың көрсеткішіне сәйкес, қазақстандықтардың 20 пайызға жуығы бұны ажырасудың айтарлықтай себебі деп есептейді. БҰҰ-ның Орталық Азиядағы көршілерімізбен салыстырғанда Қазақстан халқының өсіміне болжамы көңіл көншітерлік емес. Үкіметке 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын бастауды тапсырамын. ЭКО бағдарламалары арқылы квота санын жеті мыңға дейін, яғни жеті есе көбейту керек», – деді Президент жолдауында.

Шынында қазір ЭКО-ға жүгінетін жандар жетерлік, әрі олардың көп бөлігі қымбатқа түсетінін айтып жатады. Осының кесірінен отбасы бұзылған азаматтар да жоқ емес, Осы орайда, президенттің дәл осы тақырыпқа ерекше тоқталуы қуынтады.

 

Түркістан облысы «Жастар ресурстық орталығы» баспасөз хатшысы


Бөлісу
Banner Content

0 Пікірлер

Пікір қалдыру

five × 1 =

kkKazakh
kkKazakh