Жатыр кистасы – жатыр мойны мен соның жанында болатын қатерлі түзілістің атауы. Оның пайда болуы жатыр көздерінің бітелуіне алып келіп соғады. Әдетте киста пайда болған әйел өзіндегі өзгерісті байқай қоймайды, тек гинекологиялық тексеріс кезінде ғана анықталады.⠀ ⠀
Жатырдың кистасы – дөңгелек пішінді, сарғыш-ақ түсті болады. Кистаның пайда болуының негізгі себебі – әйел ағзасындағы гормоналды бұзылулармен байланыстырылады екен.
Сонымен қатар төмендегідей себептерден пайда болуы мүмкін:⠀
Жыныс аймағының қабыну аурулары;⠀
Жыныс инфекциясы;⠀
Ттравматикалық туу.⠀
Етеккірдің ерте басталуы;⠀
Қалқанша безінің дұрыс жұмыс істемеуі;⠀
Суық тию;⠀
Гормоналды фон мен эндокриндік жүйенің теңгерімсіздігі.⠀⠀
Кисталардың әйелдер денсаулығына зияны туралы мамандардың пікірі әртүрлі болып келеді. Кейбір дәрігерлер киста қауіпті емес және емдеуді қажет етпейтіні құбылыс деп санайды. Әсіресе қыз балаларда кистаның болуы келесі етеккір цикліне дейін жоюылуы да мүмкін екен. Бірақ көбінде оны хирургиялық жолмен алып тастайды. ⠀ ⠀