Желтоқсан 7, 2019
Banner Content
Бөлісу

Біз Ерлан екеуміздің жүргенімізге 3 айдай уақыт болған еді. Мен онымен құрбымның туған күнінде таныстым. Сымбатты жігіт. Қайта-қайта қарап қояды. Туған күн аяқталған соң Ерлан бізді шығарып салмаққа ниеттеніп еді. Бірақ, ағам өзі алып кететінін айтты. Ағам охранада істейтін. Сол күн оның демалысымен сәйкес келіп, кештен кейін мені алып кетті. Ерланды іштей ұнатушылық болғанмен, ашық әңгімеге түсіп менімен таныса қоймаған еді. Туған күнге әдемі болып, ерекше дайындықпен келгенім тағы бар. Үйге келген соң ол менің ойымнан шықпай қойды. Ерекше күлкісі. Жүріс-тұрысы. Сағатына қарап, галстугін дұрыстағаны. Ең естен кетпейтіні, кірпіктерінің астынан ұрлана қарағаны. Жастықты құшақтаған күйі тәтті ұйқыға қиялыммен бірге батып кете бардым. Таңертең қоңырау үні бұзды. Ұйқылы ояу трубканы алдым. Арғы жақтан » қайырлы таң, тәтті қыз» деген таныс дауыс. Ешнәрсеге түсінбеген басым » тәтті қызға әлі таң ата қоймады» дедім де телефонды сөндірдім. Әдетте, бейтаныс нөмірлерге жауап бермеуші едім. Ұйқым шайдай ашылып, тұрып кеттім. Сабақ.. Аудитория.. У-шу университет қабырғасы.. Қыздарымыздың әңгімесі кешегі Арайдың туған күніндегі сұңғақ бойлы жігітте. Иә, дәл өзі түні бойы ойымнан кетпей шыққан жігіт жайлы екен. Ұнатқан мен ғана емесімді сезген едім. Бірге тұратын Зерде есімді құрбым да » уау, мінген көлігін айтсай, анау-мынау жігіт емес сияқты ғой» деп менің қызғанышымды тудыра түсті. «Туууу, қыздар қойыңдаршы, басымыз қосылса жігіт жайлы айтып шығады екенсіңдер. Зерде сен де доғар, жігітің бар емес пе, не бар саған» деп ашулана түстім. » Менің жігітім ол сияқты сымбатты, крутой жігіт емес қой, оның үстіне бірнеше күн болды жігітіммен арамыз дұрыс болмай жүр» деген сөзі жыныма жақпай, сырттай білдірмесем де, іштей тырысып қалдым. Сабақты аяқтап, үйге келдім. Ағылшыннан беретін оқытушының тапсырмасын аударумен әлекпін. Басым да қатып кетті. Ватсап желісінен смс келді. Қарасам бейтаныс номер. «Сәлем» деген смс. Көрдім, смс-ті ашпай жаба салдым. 5 мин өткен соң.. Тағы смс.. «Ұйқыдағы тәтті қызға таң атты ма?» деп. «Таң атқан былай тұрсын, кеш батты » деп жауап қайтардым. Авадағы суретін ашып қарасам, уф жүрегім. Бұл әлгі жігіт. Кешегі кештің хитмены. Қыздардың аузын толтырған тақырып болған жігіт. Маған жазып тұр. Сәл болмағанда менімен танысуға әрекет жасамағандығы үшін, ұмыта жаздаған едім. Мен өзімнің сабақ дайындап жатқандығым жайлы айттым. Әңгімелесе келе ол маған тапсырмамды орындауға көмектесетінін айтты. Мен де қарсылық танытпадым. Аударма жасауға тиісті болған тақырыпты суретке түсірдім де оған жібердім. Жарты сағаттан соң жауап келді. «Ооо, жақсы болды ғой» деп қуанып кеттім. Зерде де сол сабақты даярлап отырған. Бірақ оған айта қоймадым. Іштей қызғаныш та болды. Ертесі сабақ басталып кетті. Көзіндегі очкиі мұрнына түсіп тұратын, қара, толықша келген ағылшын мұғалімінің сабағы. «Кім аударды мен берген текстті?» деді. Ортадан қол көтеріп «мен» деп айқайладым. Қиындау, ұзақ тақырып. Басқа пәндерден озат болсам да english сабағынан үздіктердің қатарынан бой көрсете бермейтінімді группаластарым білетін. Арнайы ағылшын курсын тәмамдаған Алия мен Айнұр да сабақ айтуға оқтала қоймаған еді. Маған таңырқай қарады. Сұңғақ бойлы жігіттің дайындап берген тапсырмасын ұстап алып мәзбін. Дайын асқа тік қасық болғаныммен жұмысым жоқ. Сабақ соңында оқытушының жақсы комплименті де әлгі жігітке деген ойымды одан ары жоғарылауына себептің бірі болды. Үйге келісімен оған рахметімді білдіріп смс жазуға оқталдым. Бір ойым хабарласып айтсам ба деп те ойландым. Сондағысы, кешегі көмегін сылтауратып хабарласып, жақынырақ әңгімеге тартуды да көздеп тұрғаным сол еді, телефон шылдыры ойымды тез жинақтатты. Қарасам әлгі жігіт.

Номері сохранить етілмесе де, жүрегіме сақтаулы. Телефонды бірден алмай сәл кешіктіріп жауап бердім. Сондағысы өзін асыға күткенімді сездіріп қоймау. Трубканы алдым. «Тәтті қыз сәлеметсіз бе, қалайсыз?» деп басталды. Сондай мәдениетті. Бүгінгі күнімнің қалай өткенін, өзім жайлы айтып беруімді, оқу орным , ауылым жайлы бәрін-бәрін сұрап алды. Соңында мен » ұятта болса сұрайын» деп едім , «иә, сұраңыз» деп тыңдап тұрғанын білдірді. «Кешіріңіз, мен сіздің есіміңізді есімде сақтамаппын» дегенімді бірден түсіне қойып, күліп жіберді де » Ерлан, менің есімім Ерлан» деді. Ананы-мынаны айтып, Ерлан екеуміз біраз нәрсені талқылап тастадық. Көп ойымыз бірге шығып жатты. Әңгімеміздің тоқтауына ертеңгі сабаққа дайындалу керектігім ғана кедергі болды. Оған қайырлы түн тілеп трубканы қойдым. ТаңЕртесі сабақ басталып кетті. Сабақтан шыққан соң әдеттегіше университетті жағалай қыздармен сырта шығып келе жатқаным сол еді, «Жанерке» деген дауыс назарымызды бұрғызды. Дәл алдымда ақ көлігіне сүйеніп қолына гүл шоғын ұстаған галстуктегі сықиып киінген жігіт, аяғын айқастырған күйі маған қарап тұр. Жаймен басып маған келіп, қолын созды. Амандасуға қолым әрең барып, дірілдеп тұрмын. Қолындағы гүлі маған арналған бе екен деген үміт легі жоқ емес. Гүл шоғын ұсынды. Иә, қателеспеппін, маған екен. Көңілім көтеріліп қалды. Қыздар аң-таң. Әсіресе, Зерде. Іштей өзімде қысылып қалдым. Құрбыма Ерланмен араласып жүргенімді айтпағаныма. «Сәлем, қыздар, рұқсат болса Жанеркені орталарыңыздан ала кетсем, бүгін оның менімен қайтуына рұқсат бересіздер ме?» деді де қолымнан ұстай алды. Қыздарға сау бол айтып, көлікке отыра кеттім. Ал Зерде үн-түнсіз қараған күйі ешнәрсе деместен, бұрылып кетіп қалды. Түсініксіз жайтқа баладым. Ерлан екеуміз уақытты көңілді өткіздік. Қымбат ресторандардың біріне алып барды. Өзі әңгімешіл, кез келген тақырыпта жақсы сөйлеседы, былайша айтқанда ашық жарқын жігіт екен. Біраз айналған соң үйге қайттық. Себебі, бүгін ағамның үйде болатын күні. Ол өте қызғаншақтау және үнемі әрнәрседен мені тиып отыратын. Ағам келмей ерте жету болды. Ерлан мені подъездің алдына дейін шығарып салып тұрып, байқатпастан ернімнен сүйіп алды да «қайырлы түн, тәтті қыз» деді де бұрылып кетті. Бетім қып-қызыл болған күйі көзім қарауытып, жүрек соғысы жиілей түсті. «О, құдайым, бұл менің алғаш рет сүйісуім». Мең-зең күйі үйге кірдім. Зерде үйде сабақ даярлап отыр. Келгеніме мән де беріп жатқан ол жоқ. Денем бір ысып, бір суыған күйі бөлмеме кіріп кеттім. » Ерніңіз неткен тәтті еді» деген смс келіп, одан сайын бетімді қызарта түсті. Ұяттан кірерге жер таппай тұрмын. Осылай тәтті ұйқыға шомып кеттім. Арада уақыт өте берді. Ерлан екеуміз жиі кездесіп, көп уақытымыз бірге өте бастады. Зерде болса бұрынғыдай емес. Себебін сұрап ем, аузын ашып ештеңе дей қоймады. Бар айтары, сен сол жігітті айта бересің, бізге көңіл бөлмейсің дегеннен ары аса алмады. Сентябрьдің 24-і Ерлан маған жүруге ұсыныс жасады. Бір апта ойланып, 1-і күні мен оған келісім бердім. Ол күнде мені сабақтан соң алып кететін, күн де қаланың тамаша жерлерін аралайтынбыз. Құрбыларымның арасында » ақ боз тойоталы ханзада» атанып кеткелі қашан. Ол жұмыс бабымен коммандировкаға кетіп жүретін. Оның келуін асыға күтумен уақытта зымырап кететін. Мен оған тез бауыр басып кеттім. Бір күні ол үйіне қонаққа шақырды. Тұрмысқа шыққан соң баратын үйім ғой деген оймен, баруға келістім. Қанша жерден оған сенсем де үйіне барарда жүрегім қатты соғып бірнәрсе болардай уайымдадым. Үйіне барып тұрып қайтып кетуді де ойладым. «Ол сенің жігітің ғой, кішкентай қызға ұқсамаш» деп өзімді қайрап қоям. Ол үйге кірісімен шай қоя бастады. Сондай жайлы, өте әдемі екен үйі. Жігіт болса да ұқыпты, жинақы тұрады. Кино көріп, біраз ары-бері әңгіме айтылды. Ұйқысы келіп жатуға ыңғайландық. Ол менің өзінің қасында жатуымды сұрады. Ыңғайсыздансам да, қиылып болмады. Үн-түнсіз жайғастық. Свет сөнген соң оның құшақтағанының өзінен үрейлене бастадым. Басы жастыққа тиісімен қалың ұйқыға кетті. Ал мен болсам таң атқанша ұйықтамай, бірнәрсе болып қалардай мазам қашып жаттым. Осындай да таң да атпай кетеді. Таңертең оны ұйқыдан ояттым да, университетке жол тарттық. Зердемен оқуда жолықтық. Оның көлігінен түскенімді көрген ол, түнімен қайда болғанымды сұрап тықақтап қоймады. «Оның үйінде болдық» дедім. Ол аң-таң мен бірнәрсе бүлдіргендей үрей көзбен қарайды. Араларыңда не болды деген сыңаймен. «Онымен бірге жаттың ба, оңаша бір үйге қалай қонып жүрсің» деген секілді сауалдарды жаңбырдай боратты. «Туууу, Зерде қойшы, бәрі сен ойлағандай емес, ол ондай жігіт емес, әсірелемеші. Біз бар болғаны бір диванда ұйықтадық. Артық ешнәрсе емес» дедім де аудиторияға кіріп кеттім. Біздің Ерлан екеуміздің жүргенімізге 2 айдан асты. Кәдімгідей үйренісіп қалыппын, күнде болмаса да күн ара жолығып тұрамыз. Бір күні ол мені қалайтынын айта бастады. Ашық айтпаса да астарлап жеткізетін. Мені сынап жатқан шығар деген оймен сөзін шынайы қабылдамай ойынға айналдыра салатынмын. Ол мені құшақтап аймалай бастаса қашқақтап , бетін қақпайлар беретінмін. «Туу, кішкентай қыз ұқсамаш, бәрібір болатын нәрсе ғой, неге тартыншақтай бересің» деген сөздері де ойландырып тастайтын. Бір күні ол өзінің жұмыс бабымен ұзақ уақытқа өзге қалаға барып келетінін айтып, бүгінша өзінің үйінде қалуын өтінеді. Мен де келістім. Алдынғыдай емес, бұл жолы үйреншікті секілді. Ешнәрседен қымсына қоймадым. Ерланға да бауыр басып қалғалы біраз. Ол үйге кірісімен есікті құлыптап, кілтті қалтасына салып алды. Жаймен құшақтап, сүйе бастағаны сол еді. Мен тағыда тартыншақтай бастадым. Ол да қоя салмады. Бас салып қысып құшақтаған күйі жібермеді. Әдеттегі құшақтасуға балап ары қарай мен де қарсылық білдіре қоймадым. Құшақтасып диванда біраз жаттық. Бір кезде ол жейдемнің түймелерін ағытуға көшті. Доғаруын талап еткеніммен оны тоқтада алмадым. Қанша қарсылық білдірсем де оған шамам жетіңкіремеді. «Мен қазір айқайлаймын» дедім. Ол болса «айқайлағаннан түк шықпайды, бұл жақта екеумізден басқа ешкім жоқ, қойсайшы енді қарсыласа бермей, бәрі-бір болатын нәрсе ғой» деген сөздері одан сайын үрейлендіре түсті. Оның бұл әрекеті жай сүйісу емес екенін ұқтым. Екі көзім жасқа толған күйі » доғар» деп айқайладым да оны итеріп жібердім. Қалтасындағы кілтті алып үлгеріп есікке жеткенше ол келіп үлгерді. Айна алдындағы қайшыны кезеніп , бір қолыммен есікті ашуға тырыстым. «Қолыңдағыны таста» дегеніне қарамастан, есікті аштым да қашып шықтым. Ол да артымнан жүгірді. Жол жағалап жүгіріп келем, қырсыққанда такси де көзге ілінбейді. Жүгіріп шаршады ма әлде қуғаннан пайда жоғын түсінді ме ол қайта жүгірмеді. Мен қараңғы түнде адасып қалдым. Жаяулатып жүріп жол жиегінде кішкене дүңгіршекке көзім түсті. Барып ем ашық болып шықты. Сол жердің қожайыны бұндай уақытта не істеп жүргенімді сұрады. Арадағы әңгімені айтуға арланып, адасып қалдым деп қысқа қайырдым. Ол бұл жердің қалаға алыс екенін, осында бүгінше түнеп шықса , азанда күйеуінің затқа қалаға баратынын айтты. Келіспеске лажысызбын. Таңды атыру қиынға соқты. Түні бойы жылап шықтым. Мен сүйген жанның, мен сенген адамымнан осынша қиянат көрем деп ойламадым. Ол мені зорламақшы болды. Есік ашылмағанда не болар еді. Өмір бойы бетіме таңба боларлық күйе жағылуына сәл қалған. Маған қалада қызымыз грантта оқиды, үздік студент деп сеніп отырған ата-анамның бетіне қалай қарар едім. Мен үшін күндіз-түні қалаға келіп жұмыс істеп жүрген ағама не деймін. Артымнан ерген сіңілім де бойжетіп келеді. «Әпке, өскенде сіз секілді боламын» деген сөздеріне, бала көңіліне қиянат жасауға менің қалай ғана дәтім барады. Ия, бұл менің тағдырым. Адам Қанша жерден сүйсе де сенімді қатты артудың қажет еместігін кеш те болса ұғындым. Көп қыздар нәпсісіне ерік беріп, тырнағын тістеп қалады. Ақ некеден аттамайынша ата-ана үмітіне қыл түсірмей сенімін сейілтпеу үшін қыз ертеңін ойлау керек. Менің басыма бұл нәрсе үлкен сабақ болды.. Ал, Ерланға келер болсақ бұл оқиғадан кейін іс-түссіз хабар алмадым. Зерде болса оны менімен қатар ұнатқанын, соңында жігіт үшін құрбысына қызғаныш білдірмеуін түсінгенін ашып айтты. Содан бері қаншама жыл өтті. Бұл менің балғын кезімдегі өкінішім. Ал қазір тұрмыстамын. 3 әдемі балапандардың анасы, аяулы жармын. Жолдасым да алыс адам емес. Әкемнің жан досы болған кісінің баласы. Мені бірден сырға салып әкеткен. Тойымызда дүркіреп өткен болатын. Қазір бақыттымын. Нәпсінің жетегіне еріп, қателікке бой бергенде мен осындай бақытты жанұя құра алар ма едім. Қазіргі жас қыздар да сезімнің жетегінде кетпей ойланса, менің өмірімнен сабақ алса екен.


Бөлісу
Banner Content
Тегтер: , , , , , , , , , ,

0 Пікірлер

Пікір қалдыру

ten − one =

kkKazakh
kkKazakh