Тамыз 22, 2019
Banner Top
Ол кеше ата-анасын алғаш рет көрді. Бірақ, аялдамады…

Ақын Күләш Нысанбектің ең қысқа әңгімелері. Оқыңыз, ой түйіңіз…

1. Кеше оның күртесі жоқ еді. Бүгін күртенің иесі жоқ.

2. Ол кеше ата-анасын алғаш рет көрді. Бірақ, аялдамады…
Перзентхана-қабір

3. Жүйке аурулары емханасы. Бір топ журналист.
-Сəлеметсіз бе! Біз аноу терезе алдындағы кісіге бірер сауал қойсақ бола ма?
-Оның ақыл-есі кем. Сауалдарыңызға мен жауап берейін.
-Жооқ. Жауап бере алмассыз
-Неге?
-Сіз аяулы ақын емессіз ғой…

4. ХХІ ғасыр. Қол ұстасқан екі жігіт

5. Мен сыр бөлісер досымның жоқтығын досыма айттым. Ал, досым досына айтты.

 

6. Жанар сыртқы есікті кілттей бергенде, есік саңылауынан қадала қараған көзді байқады. Үрей…

7. Менің жаныма жақын жүргендер көп. Жаныма жақындар аз.

8. Асқар үнемі өзін ұйқыдан оятқандарға ашуланатын еді. Бүгін оны ешкім оятпады. Ол енді оянбайды.

9. Түн. Ескі үй. Үшінші қабат. Пəтер. Соғылған есік қоңырауы.
Жалғызбасты əжей бұл дыбысты соңғы рет қашан естігенін есіне түсіре алмады.
-Сіз кімсіз?
-Үнсіздік…

10. -Біз қызыңыздың достары едік. Оған гүлімізді ұсынсақ бола ма?
-Иə. Қабірдің үстіне қойып кетіңіздер.

Автор: Күләш Нысанбек

Фото: pixabay.com

Banner Content
Tags: , , , ,

0 Comments

Leave a Comment

5 × 3 =