Желтоқсан 6, 2019
Banner Content
Бөлісу

Мен 4 жастамын.

Әкем ауырып жатыр, ал анам болса екпе салуда. Мен болсам анамның өз жұмысын аяқтап, босаған шприцтерді беруін күтудемін. Босаған құтыларды алып, өзімнің Том және Кир есімді емделушілеріме жүгіремін. Олар да әкем сияқты ауырып жатыр. Әкеме екпе салғандай, мен де екпе салуым қажет деп ойладым…

Мен 5 жастамын.

Көрші үйден Таня тәтейдің баласы ойнауға келді. Мен ол кезде оқуды енді үйреніп келе жатқан кезім еді. Сөреде тұрған кітапты алып, ең қызық жерін аштым. Бұл жолы «Адам ағзасы» деген сөзді бар ыждахатыммен оқыдым.

Мен 10 жастамын.

Менің үстел кітабымда «Педиатрдың нұсқаулығы» атты кітап тұр.

Мен 12 жастамын.

Сыныбым «Кім боласың» деген сұраққа бейнежазба түсіруде. Мен үлкен сеніммен «Дәрігер» боламын деймін.

Мен 17 жастамын.

Мен тек үш-ақ пәнді оқимын: биология, химия, орыс тілі. Үйдегілер мен мектеп оқытушылары «Кім боласың?» деген сауалдар қоюда. Мені өзге пәндер қызықтырмады. Өйткені мен дәрігер болуды қаладым.

Әлі де 17 жастамын.

Медицина университетіне түскенімді білгенімде бақыттан төбем көкке жетті.

Мен 18 жастамын.

Қысқы сессия. Нәтиже жаман емес.

Мен 19 жастамын.

Балалар дәрігерінің көмекшісі болып ауруханаға іс-тәжірибеге келдім. Алғаш рет өз көзіммен өлімді де, ауруды да көрдім.

Мен 21 жастамын.

Балалар дәрігерінің көмекшісі ретіндегі жұмысымды тастадым. Күні-түні ұйқы жоқ, сабақ та қажытып жіберді.

Мен 22 жастамын.

Алғаш рет спирттің дәмін таттым. Екпені кез-келген қан тамырына сала беретін болдым.

Мен 24 жастамын.

Дипломымды ректор қолыма ұстатуда. 17 жасымдағыдай тағы да бақыттан жылап тұрмын. Бала кездегі арман. Міне, мен дәрігермін.

Мен әлі де 24 жастамын.

Балалар дәрігері болып жұмысқа тұрдым. Күні-түні есігімді соққылаған дыбыстар мен шағымдар, бітпейтін дау:

– Кезексіз қабылдаңыз. Біз көпбалалы анамыз!

– Жүруге халім жоқ!

– Күткеніме 5 сағат қашан қабылдайсыз?

– Үстіңізге шағымданамын.

Мен 29 жастамын.

Қашан ұйықтағаным есімде жоқ. Ауруларды қарауға күшім де жоқ…

Мен 30 жастамын.

Көшеде келемін, аспанға қараймын, көктем келгеніне қуанамын. Күнде есігімде соққылаған дыбыстар мен айқай мен шағымдардың орнын баламның тәтті күлкісі алмастырған.

Тыныштық…

Рахмет, қымбатты емделушілер!

Рахмет, достар!

Рахмет, бала арман!

Құрып кеткір…

 

Автор: Айнұр 

Фото: pixabay.com

 


Бөлісу
Banner Content
Тегтер: , ,

0 Пікірлер

Пікір қалдыру

three × two =

kkKazakh
kkKazakh