ТЕСТ: Раушанның бірін таңдап, мінезіңізді біліңіз

Алдымен өзіңізге ұнаған раушанды таңдап алыңыз!

1-ші раушан гүлі
Бұл классикалық таңдау – сіздің ерік-жігеріңіз бен мақсатыңыздың айқындылығын білдіреді. Сіз адал ниетті жансыз, өтірікке себеп болған мән-жайдың басын ашып, түйсік деңгейіңіздің жоғарылығын көрсетіп жүресіз. Болашаққа қойған жоспарларыңызды жүзеге асыру жолында аянып қалмайсыз. Тым талапшыл болмағаныңыз дұрыс.

2-ші раушан гүлі

Сіз қайырымды әрі жанашыр жансыз. Жақындарыңызға ерекше қолдау білдіріп отырудан танбайсыз. Оларды жақсылықпен, сыймен қамтамасыз етуді – өз парызыңыз санайсыз. Бұл жүрегіңіздің кеңдігін білдіреді. Десе де ішкі әлеміңізге құлақ асқаныңыз жөн. Өзгеріс енгізуден, тәуекел етуден қорықпаңыз!

3-ші раушан гүлі

Сіз тым сезімталсыз. Өз эмоцияларыңызды басқара алмайсыз. Сіздің бойыңызда әлі де ашылмаған талант бар, бірақ оған аса мән бермейсіз. Сол себепті де өзіңізді бағалау деңгейі төмен. Сенім – алпауыт күш. Сондықтан өзіңізге сеніңіз, айналаңызды қолдау білдіріп отыратын жандармен толықтырыңыз.

4-ші раушан гүлі

Сіз бақытты әрі шығармашыл тұлғасыз.Сізді ерекшелікпен толтырып тұрған қасиетіңіз – оптимистік. Бойыңыздағы қайтпас рух – жаңа нәрселерді ашуыңызға септігін тигізеді. Жаңа жоспарға кіріссеңіз, абай болғаныңыз жөн.

5-ші раушан гүлі

Сіз қырағы әрі түсінігі мол жансыз. Әрқашан қауіпсіздігіңізді ойлайсыз. Бұл-өзімшілдіктің емес, ақылдылықтың керемет көрінісі. Үнемі өз әлеміңізді таңғажайып етіп құруды қалайсыз. Алайда кейбір кемшіліктеріңізбен күрес жүргізгеніңіз жөн. Жоспарлау – жетістіктің кілті, ал қазіргі күнмен ғұмыр кешу-уақытша іс екенін есте тұтқаныңыз абзал!

6-шы раушан гүлі

Сіз өз ісіңізге шын жүрегіңізбен берілген жансыз. Мақсатыңызға жетіп қана қоймай, барлығының мінсіз орындалуын қадағалайсыз. Сіздің еңбексүйгіштік қасиетіңіз – мамандығыңыздың мақтанышы болуға үндейді. Ісіңізді тиянақты жүргізесіз және табысқа жетсеңіз, жақыныңызбен бөлісуді қалайсыз. Бірақ, сүйікті жұмысыңыз бен жеке өміріңізді шатастырмағаныңыз дұрыс!

Total
15
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Previous Post

Жақыныңа сыйлар жақұт

Next Post

Әпкем мені алалап, байдың қыздарын артық көрді…