Етеккір циклі туралы не білеміз?

Етеккір – әйелдер физиологиясының қалыпты процесі және ол жай нәрсе емес!

Бас ауруы, ісіну, қысымның көтерілуі — осы күндері әйелдердің 90%  кездесетін мәселелр екен. Ал олардың үштен бірі ғана ауруына байланысты дәрігер көмегіне жүгініп жатады.

Айлық цикл дегеніміз не және оны қалай санау керек?

Егер медициналық тілмен айтатын болсақ, айлық цикл – бұл әйелдің репродуктивті жүйесіндегі циклдық өзгерістер кешені. Ол гипоталамус, гипофиз және аналық без гормондарымен реттеледі, олардың әсерінен жатыр түтіктерінде, жатыр, қынап және сүт бездерінде функционалдық өзгерістер болады. Менструация – бұл өзгерістердің көрінетін көрінісі.

Қан келудің бірінші күні циклдың бірінші күні болып саналады. Ол қан 3-7 күн аралығында келеді, әрі қарай 21-35 күн үзіліс болады. Яғни қан келудің бірінші күні мен келесі қанның келетін күнініндегі аралық айлық цикл деп аталады. Көпшілігінде 28 күн сайын өтеді – бұл «мінсіз цикл» деп аталады.

Қыздың өміріндегі алғашқы етеккір 11-ден 15-ке дейін, көбінесе 12-14 жаста пайда болады.

 

Фото: Ашық дереккөзден

Total
0
Shares
Previous Post

ТОП-5: Сәннен шықпайтын киім

Next Post

Жалбыз қай ауруға ем?