Жүктілік кезеңін жеңілдететін 5 кеңес

Арқа мен белдің ауыруы, артық салмақ, жүрек айнуы – бұлардың бәрінен қарапайым ережелерді сақтау арқылы құтылуға болады. Олай болса, болашақ аналар білуі тиіс 5 кеңеспен таныс болыңыз.

Қозғалыс

Көптеген әйелдер жүктілік кезеңінде қимыл-қозғалысты азайтады. Ал дәрігерлердің ойынша, керісінше қозғалысты көбейту керек. Бұрынғыдай үй жұмыстарына араласып, таза ауада серуендеуді тоқтатпаңыз. Ең бастысы жаяу жүруге ыңғайлы аяқ киіміңіз болсын.

Тамақ көлемі

Жүктілік кезінде сіз әдеттегіден 300 калорий көбірек жеуіңіз керек. Бірақ бұл – тамақты ретсіз көп жеу деген сөз емес. Тамақтану режиміңізді беске бөліңіз. Аз-аздап бірақ жиі тамақтану жүрек айнуынан, құсудан құтқарады.

Тағамның сапасы

Жүктілік кезінде барынша тәтті мен ащыны шамадан тыс көп жеп қоймауды қадағалаңыз. Тамақтың сапасына мән беріңіз: тауық еті мен балық, пайдалы дәнді дақылдар, көкөністер мен жемістер міндетті түрде кезектесіп отыру керек.

Спорт

Аяғыңыз ауыр кезде спортпен барынша абайлап айналысқан жөн. Ең дұрысы жүкті әйелдерге арналған жаттығуларды таңдаңыз. Бұл арқа мен бел ауыруына көмектеседі. Ішіңіздің көлемі өскен сайын, жаттығу түрін алмастырып отырыңыз.

Ұйқы

Жүкті әйелдердің ең басты проблемасы – ұйқы. Бұл мәселенің шешімін әрбір әйел әртүрлі шешеді: бірі жұмсақ жастықтардың санын көбейтсе, енді бірі күйеунен жерге жатуын өтініп, төсекте жалғыз жатады. Алайда, дәрігерлер жүкті әйелдерге әдеттегіден ерте жатып көруді ұсынады.

Total
28
Shares
Previous Post

«Әлемді сандар билейді»: Нумерология туралы не білесіз?

Next Post

Тұрмысқа шыққанға дейін жігітке қойылуы керек 5 сұрақ