Тұмаудан арылудың тиімді жолдары

ЖРВИ және тұмау – кез келген адамның өмірінде кездесетін ауру және  қазіргі айда көп таралып жатыр. Кейбір адамдар бұл аурудың  қауіптілігін елемейді, егер емдемесе түрлі асқынуларға алып келуі мүмкін, сондықтан бұл тақырыптың ауқымдылығы кең болғандықтан маңыздылығына тоқталып өтейін

  • Тұмау дегеніміз не?

Тұмау – бұл тыныс алу жүйесін зақымдайтын жедел вирустық ауру. Тұмау ЖРА – жедел респираторлы аурулардың,дәлірек айтсақ, ЖРВИ – жедел респираторлық вирустық инфекциялардың санатына кіреді.

Тұмау иммунитеттің әлсіреуі мен салқын тиюден пайда болмайды, оған ерекше вирус – тұмау вирусы себепкер болып табылады. Оның ерекшелігі өзгергіштігімен сипатталады. Медицинада сипатталған тұмаудың үш түрі (А, В және С) кездеседі және өз құрылымын өзгертіп отырады Сондықтан жыл сайын індет кезінде біздің иммундық жүйе жаңа микроорганизмдермен кездеседі және бұл олармен күресуді қиындатады.

  •  Жұғу жолдары

Тұмау ауа – тамшы жолдары арқылы жұғады. Науқас адам тыныс алғанда, жөтелгенде, түшкіргенде, ауаға тарайтын қақырық пен мұрыннан бөлінген шырыштан  ауаға таралып, организмге  Өкінішке орай, тұмау вирусы тұрақты және сыртқы ортада бірнеше сағат бойы өз белсенділігін сақтай алады. Вирус жұққан тұрмыстық заттардың қасынан өтіп бара жатып немесе оларды пайдалана отырып, біз еріксіз, адамның тыныс алу жүйесіне түсуі мүмкін, заларлы бөлшектерді ауаға қайта көтереміз. Бұл тұмаудың ауа – шаң жолымен жұғуының көрінісі. Қоздырғышы : түрлі вирустар,(риновирустар, аденовирус, респираторлы синцитиалды вирус және т.б)

  • Тұмаудың белгілері қандай?

Тұмаудың белгілері адамдардың көпшілігіне аян, дегенмен, осындай маңызды ақпаратты қайталау артық болмайды деп ойлаймын.

Жасырын, инкубациялық кезең – 5 – 6 сағаттан 3 тәулікке дейін созылады. Осы уақыттың аралығында вирус ауыз бен мұрынның шырышты қабықтары арқылы ағзаға еніп үлгереді, ал иммундық жүйе сол уақытта оған кедергі жасауға әрекет жасайды.  Организмде жергілікті қорғаныс реакциясы басталады: мұрын бітелу, мұрын қуысы құрғаумен басталады , иммунитет клеткалары іске қосылып , мұрын, жұтқыншақ, бронх, өкпеде, түссіз кілегейді көбейтеді, сол бөлінген шырышты шығару мақсатында жөтел, түшкіру, су ағу секілді симптомдар қосылады Инкубациялық кезеңнің ұзақтығы вирустың түріне, адамның иммундық жүйесінің жағдайына байланысты. Инкубациялық кезеңнен кейін аурудың мынандай белгілері пайда болады:

  1. Тұмау, мұрынның бітелуі, түшкіру, тамақтың жыбырлауы сияқты аурудың бастапқы белгілері.
  2. Әлсіздік, сырқырап ауыру.
  3. Аурудың алғашқы сағаттарында температура көтеріледі. Тұмауға 40°С дейін және тіпті одан да жоғары температуралы қатты қызба тән.
  4. Кейінірек өнімсіз, құрғақ жөтел пайда болады, ол бірте – бірте ылғалды, қақырық бөлінетін жөтелге айналады.
  • Тұмаудың асқынулары
  1. Бронх қабынуы: ауру басталғаннан кейінгі бір аптаның ішінде жөтел басыла қоймайды, көп мөлшерде іріңді (сары, жасыл, сұр) қақырық бөлінеді.
  2. Пневмония – вируспен зақымдалған шырышты қабық арқылы кірген бактериялардың салдарынан туындаған өкпе тінінің қабынуы. Сырқат азапты жөтелмен, науқастың жалпы жағдайының нашарлауымен, температурасының көтерілуімен сипатталады. Кейде пневмонияның өліммен аяқталатын аса ауыр түрі дамуы мүмкін.
  3. Менингит және энцефалит – ми мен ми қабығының ауыр қабыну аурулары. Ауру көбінесе балаларға тән – ересектерде мұндай асқынулар өте сирек дамиды. Менингит пен энцефалит өте ауыр өтеді, қарқынды емдеуді қажет етеді және қайғылы аяқталауы да мүмкін.
  4. Селкілдек ұстамалар – орталық жүйке жүйесінің зақымдануының белгісі болуы мүмкін.
  5. Галлюцинациялы психоздар – ми қызметінің бұзылуымен сипатталатын ауыр интоксикацияның белгісі болып табылады.

 

  • Тұмауды емдеудің жолдары

Тұмау кезіндегі  негізгі емдеу жолы – симптоматикалық емдеу болып табылады Симптомдық емдеу кезінде тағайындалатын дәрі – дәрмектер:

– егер де қызу көтерілсе, жасын ескере отырып қызуды басатын дәрі-дәрмектер тағайындалады; (ибупрофен, парацетамол)

– С дәрумені;

– көбірек сұйықтықтар, морс,компот  ішу;

– қақырық түсіретін, жөтелге қарсы дәрілер: мия, жалбызтікен препараттары, мукалтин, бронхолитин және т.б. дәрі – дәрмектер;

– мұрын тамшылары тағайындалады. Олар мұрынның шырышты қабығының ісінуін жояды, тыныс алуды жеңілдетеді, гаймориттің дамуына жол бермейді.

Ең тиімді алдын алу әдісі — тұмауға қарсы вакцина, оның ішіндегі ең тиімдісі — тазартылған вириондық вакцина.

Алдын ала организмді шынықтыратын емдер жасап, спортпен шұғылданған дұрыс. Эпидемия кезінде адамдармен байланысыңызды мүмкіндігінше азайтуға тырысыңыз (қоғамдық көліктермен сирек жүріңіз, к инотеатрлар, театрлар, супермаркеттер, вокзал, бала-бақша, мектеп және т.б жерлерге баруды шектеңіз).

– Бөлмеңізді, үйіңізді жиі желдетіп, ылғалды түрде жиыстырып қойыңыз.

Аскорбин қышқылы мен поливитаминдерді қабылдау арқылы ағзаның қорғаныш қабілетін арттыру керек. Сарымсақ, пияз сонымен қатар құрамында С дәрумені бар өнімдерді көбірек пайдаланыңыз лимон, орамжапырақ, қара қарақат.

-Медицина маскаларын немесе мақталы дәке бетпердесін тағыңыз, 3 сағат сайын ауыстырып отырыңыз,  Тиімді тамақтаныңыз.Жеке тазалықты сақтап, қолды жиі жуу.

Мұрын қуысын күніне тұзды ерітіндімен шаюға болады . Бұл шара мұрынға ауамен бірге кіретін микробтарды жоюға септігін тигізеді.

Тұмаудан емделіп жүрген науқасқа тыныштық талап етіледі – көбірек жату ұсынылады. Әдеттегі белсенділіктен (дағдылы еңбек қызметінен) бас тарту керек. Өйткені, ол аурудың асқынуына себепкер болуы мүмкін.  Антибиотик тек бактериялық инфекцияларда тағайындалады: бактериалды пневмония, ангина және т.б

Алайда, күз бен қыс мезгілдері бастала салысымен, ЖРВИ (ОРВИ ) кең таралады, сондықтан тұмаудың алдын ала шарасымен айналысып, асқынуына жол бермей өз өзіңізді күтінген жөн, Ауырмаңыздар!

Авторы: Айгерім Маратова

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Previous Post

Тест: қай сурет жаныңызға жақын?

Next Post

Марал Анарбек: “Мені түсінетін азаматтың жарымын”