Тектану – сенің болашағыңа әсер етеді

Қазақ әр нәрсенің “арғы тегін”, “шыққан тегін” білуге үлкен мән берген. Мы­салы, бүгінгі ұрпақ өз басында туын­даған көптеген аурулардың, аг­рессия мен депрессияның, тұ­й­ық­тық пен оқшауланудың, тіл мен дінді ұмыту себептерін, рух­сыздық пен тарихи зердесіздік­тің себептерін түсіне алмайды. Тіпті, бұлардың қайдан келгенін де ой­ланбайды. Ал барлық мәселе осы текте жатыр. Ата-баба бо­й­ын­дағы барлық қиыншылық­тар мен қар­ғыстар, күнәлар мен дерт­тер ұр­паққа айналып келіп со­ғу­да.

Еуро­па­лық мәдениетте тек туралы түсінік жоқ. Оларда тек қана отбасы (фемили) ұғымы бар. Ұлттық құндылықтарымызды сақтап қалу үшін және оның артықшы­лық­тарын ұрпаққа үйрету үшін осы тек мәселесімен айналысып, оны «Тектану» деп атап, iлiм калыптасты.

Қарапайым ғана мысал кел­тірелік. Егер сіздің атаңыз 18 жа­сында соғысқа қатысқан бол­са, сізде дәл сол 18 бен 20 жас ара­лы­ғында ерекше бір агрессия бо­лады. Адамдарға де­ген кектенушілік және өзгелерді жау көрушілік сезіле бастайды. Оның себебі тағы да сол, сіздің атаңыздың сол жаста сол сезім­дерді кешіргендігі.
Атасы 45 жа­сында өмірден өтсе, 45 жас неме­ресі үшін сынамалы кезең. Бұл немересі де сол жа­сында өледі де­ген сөз емес, сол жаста немере басында белгілі бір қиындықтар туады деуге болады. Біз жұмыс жасайтын көп­теген отбасыларда осы жағдай­ларды байқадық. Қазақтарда «мүшел жас» деген ұғым бар емес пе, осы мүшелмен атасының ба­сына жағдай туған жас сәйкесіп жаста, бұл тіпті қиын­дықтар ту­ды­рады. Ал өз те­гінің арғы-бергі тарихы мен әулет басынан ке­шір­ген жағ­даяттарды жетік білген адам бұлардың алдын алуға қа­білетті келеді.

Мысалы үшін тағы бір дүние айтайық, «Психоло­гия­лық бедеулік» деген ұғым бар. Ана­ның немесе ер адамның тәні сау, бірақ өмірге ұрпақ алып келе алмайды. Қа­лай­ша? Мұның та­мыры тереңде жа­тыр. Арғы ата-аналарда өмірге кел­ген сәбидің ерте шетінеуі, кей­ін­гі ұрпақ бо­йында бейсаналы түрде үрей ту­ғызып жүрген болуы мүмкін. Ұрпақ оны түсіне ал­май­ды. Былайша еш қорқыныш жоқ секілді, тіпті, олар ата-бабалар өмірінде болған ол қасіреттен бейхабар болуы да мүмкін. Бірақ қан бойынша ке­летін үрей болады. Сол үрей мен қорқыныш ананың өмірге бала алып келуін тежеп оты­рады. Осы үшін де ата-тек пен оның тарихына бей-жай қарамауға шақырар едім.

Insta: numerolog.88

Фото: pixabay.com

 

Total
9
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Previous Post

Нумерология: Ақшадан таршылық көрмейтіндер кімдер?

Next Post

ТЕСТ: Еліңді танисың ба?