Қыркүйек 21, 2021
Banner Content
Бөлісу

Нумерология – тағдырыңа сандардың әсерін білу, байланысын айқындау.

Ғалымдар ол арқылы мінез-құлықты, тағдыр белгілерін, тіпті болашаққа қатысты ақпарлар білуге де болатынын айтады.

Өмір жолыңдағы сандар арқылы қарым-қатынаста да қандай екеніңді анықтауға болады. Ол үшін туған күн, ай, жылыңызды қосасыз.

Мысалы, 24.02.1995 жылы дүниеге келдіңіз делік.

2+4+0+0+1+9+9+5=32

3+2=5

Демек сіздің тағдыр саныңыз – 5.

Осылай өз саныңызды есептеп көріңіз. Одан соң төмендегі сипаттамаларды оқыңыз.

 

1

Көшбасшылар. Энергиясы мол, белсенді, көңіл-күйі көтеріңкі адам. Бірақ соған қарамастан мұндай адамдар жұбынан әркез қолдау күтеді. Қамқорлықты қалап тұрады.

2

Өте сезімтал. Тіл табысқыш. Қарым-қатынаста кешірімге көбірек жол береді. Сонымен қатар Екіліктер ұзақ қоштасады. Ренішін іште ұзақ сақтайды.

3

Үштіктер қарым-қатынастан эмоция, әдемі көңіл-күй күтеді. Олар барлығынан тез жалығады. Тосынсыйды, аяқ асты сый-сияпатты, қошеметті жақсы көреді.

4

Бұл топтағылар сүйіктісіне бүкіл энергиясын, көңілін, барын арнауға әзір. Қарым-қатынаспен өмір сүреді. Байқампаз, қамқор келеді. Жұбын кез келген сәтте тыңдауға, қиындықта қолдауға дайын.

5

Эмоцияналды адамдар тобы. Нәзік. Жараланғыш. Ренжігіш. Барлық сәтте жұбының қолдауына мұқтаж.

6

Ұсақ-түйекке ренжи бермейді. Сүйіктісін қызғанып, қырғын шығаратындар тобы емес. Оларға жиі тосынсый жасап, жұбын қуантқан ұнайды. Мәселен, майшам жарығымен кешкі ас ішу.

7

Ұқыпты. Тұрмыстық дүниеде де, қарым-қатынаста да. Жұбының таңдауына, қалауына, пікіріне құрметпен қарайды. Дегенмен өз кеңістігіне де өзгелерді кіргізе бермейді.

8

Тыныштықты сүйетіндер. Ұрыс-керісті қаламайды. Бәрінің орнымен болғанын ұнатады. Сүйіктісіне қолдауын аямайды. Бірақ оның көбіне өз пікірімен санасқанын қалайды.

9

Қызығуышылығы басым жандар. Бұл топтаыларға сабырлы, ұстамды жандар өте жақсы жұп болады. Барлық детальға мән береді. Ештеңені назардан тыс қалдырмайды.


Бөлісу
Banner Content
Тегтер: , , , , ,

0 Пікірлер

Пікір қалдыру

two × four =

kkKazakh
kkKazakh