Нумерологияның негізін Пифагор қалап кеткен. Оны үндістер, қытайлықтар көне замандардан бері қолданып келеді. Нумерология – нақты ғылым. Цифрлар мен формулаларды пайдаланып, адамның оң және теріс жақтарын көрсете алатын ілім. Әр адамның қай бағытта ісі сәтті болу мүмкіндігін, қай спорт түрімен айналысса жетістікке жету жолдарын, адамның мінезін, болмысын, қасиет-дарынын сол туған күні мен жылы бойынша көруге болады.
2018 жыл қазақстандықтар үшін қандай жыл болады?
«Нумерология бойынша 2+0+1+8=2, жыл саны 2 болғандыктан, сүрбойдақтар отбасын құруға қолайлы жыл. Биыл кімде-кім шаңырақ көтерсе, отбасы берік болады. Ал, басшылықта жүрген лауазымды тұлғалар үшін сынға толы болатын жыл. Содан кейін бизнес, жеке кәсіппен айналысуға сәтті болады. Бұрыннан жолы болмай келген спортшылар осы жылы үлкен жетістікке жетуі мүмкін. Жыл санында сегіз әрі ит жылы — көпшілік, көптік ұғым жылы болғандықтан, көп бала туылуы мүмкін. Сонымен қатар, биыл елімізде айтарлықтай археологиялық жаңалық ашылуы да ықтимал. Бұдан басқа осы жылдағы 2 саны – гравитация, қозғалыс саны. Жер сілкінісі, апат жиі болуы мүмкін.