“Қазақ әйелдеріне психологияны алып келген Құралай Ханым”: Атыраулық келіншектің хаты - Ikerim.kz

“Қазақ әйелдеріне психологияны алып келген Құралай Ханым”: Атыраулық келіншектің хаты

Әлеуметтік желі – қазір көмекші құралға айналды. Соның ішінен барлығын табуға болады. Тұңғиықтың тереңіне батып, өз қайғыммен өзіп арпалысып жүргенде Instagram желісінен Құралай ханымды таптым. Қарапайым қазақ әйелдерінің үлгісіне айналған оны қазір жақын адамымдай жақсы көремін. Бұрын желіден танығаныммен Құралай ханымның тренингтеріне қатысуға мүмкіндік болмай жүрді. Қатты қатысқым келді. Сол кезде «Іскер ана» жобасының салтанатты жабылу рәсімінде Құралай ханым тегін тренинг өткізді. Өзім «Іскер ана» жобасын бітіргеннен соң бұл жаңалыққа қатты қуандым. Қатысушы ретінде мүмкіндік алып, өзімен жүзбе жүз танысуға мүмкіндік болды. Жүзінен иба мен нұр төгілген ханымның бойындағы қарапайымдылық кез келген адамды баурап алады. Осы кезге дейін өмірімнің 180 градусқа өзгеруіне, өзімді жақсы көруіме ықпал еткен адамды тұңғыш рет сол жерде қауыштым. Кездесуде 300-ге жуық аналар жиналды. Барлығының сұрағына баппен жауап беріп, түрлі техникаларымен бөлісті.

Сол тренинг маған қатты әсер етті. Себебі, 5 жыл бойы үй ала алмай жүргенбіз. Құралай ханым айтқан техникаларды жасау арқылы тренингтен соң көп ұзамай үйлі болдық. Қатты қуандым. Жалпы ол айтқан техникалар күнделікті өмірімде де әсерін беріп жүр. Күйеуіммен, енеммен ара-қатынасым түзелді. Өзімнің ортам, қызығушылығым қалыптасты. Қысқаша айтсам, өмірімді өзгертуге себепші болған адам.

Қазір әлеуметтік желіде тартыс боп жатыр екен. Адамдардың сондай бос сөздерге неге әуре болатынына түсінбеймін. Құралай ханым қаншама әйелге пайдалы кеңестер беріп, өмірін жақсартуға көп ықпалын тигізіп жүр. Осы Қазақстанға да психологияны әкелген Құралай ханым дер едім. Өзінің өмірін үнемі мысал етіп отырады. Ешқандай шынайылық жоқ. Ал оны қаралап, күйе жағатындар оның тырнағына да татымайтынын білсе екен.

Шын мықтыға күйе жағылмайды. Жасай бер, қазақтың Құралай ханымы!1

Алмагүл Аюпова

Атырау қаласындағы «Іскер ана» жобасының қатысушысы

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Previous Post

Ұлдана Ерқасым: “Бал жұтып, май асаған уақытым есімде жоқ”

Next Post

«Тәһәжжуд намазын оқып, егіз таптым»: Шымкенттік келіншекпен эксклюзивті сұқбат