Қараша 20, 2019
Banner Content
Бөлісу

«Қазақтың қызы қандай болуы керек?» деген сұрақтың жауабы ұрынғыдан біршама өзгеріске түскен. Ибалы, ұяң, биязы деген сөздердің қатарын ізденімпаз, өзін қалыптастырған, кәсіпке мығым деген сөздер толықтырған. Олай болуы заңды да! Себебі заманның талабы сол. Ондай сипаттамаларға лайық қазақтың қыздары жетерлік, ал бүгінгі кейіпкеріміз солардың легін жалғайды.

Осы аптадағы IKERIM-дердің жаңа бейнесі – ерке, бірақ талапшыл, нәзік әрі қайсарлық болмысты өзіне жинаған жас кәсіпкер, нумеролог, чакролог Айзат Асқатқызы.

Қарашаш Есенбай: Сәлем, Айзат! Ең бірінші сұрақ, айнаға қарағандағы бейнеңе қандай сипаттама берер едің?

Айзат Асқарқызы: Айнаға қарасам әлемдегі ең бақытты, керемет жанды көремін! Өмірде биік белестерді бағындырып келе жатқан, беделді азаматшаны көремін (күліп).

Қарашаш Есенбай: Ал біз инстаграмнан бәріне үлгеретін, өзінің жеке кәсібі бар, нумерологиялық консултациялар жүргізіп, арасында пост жазып үлгеретін Айзатты көреміз. Мұның бәріне энергияны қайдан аласың?

Айзат Асқарқызы: Құдайдан! Дәлірек айтқанда, Құдаймен тілдесуден энергия аламын. Кейде өзім де тәуліктің 3-4 сағатында ғана ұйықтап, басқа кезде жүре беретініме таң қаламын. Ал, шаршаған кезімде медитация жасаймын, болмаса басқа қалаға кетіп қаламын. Солай өзіме еркіндік беріп тұратын кездер болады.

Қарашаш Есенбай: Қазір біз «энергия» туралы жиі айтамыз ғой. Өзің адамдармен жиі араласып, кездесесің. Сондайда энергияны жейтін адамдардан қалай сақтанасың?

Айзат Асқарқызы: Иә, келісемін, энергияңды жұтып қоятын адамдар болады, әрі ондайлар көп (күліп). Кейде әдейі келіп құшақтап, арқаңнан қағып энергияңды алғысы келеді. Бұрындары тез шаршап, мазам қашатын еді. Өйткені қорғана алмайтынмын, ал қазір сақтану үшін тұзды суға түсіп, дұға оқимын. Негізіне адамның ойына да байланысты, егер мен шаршаймын десең, шаршап қаласың. Сондықтан дұрыс ойда болу керек.

Қарашаш Есенбай: Энергияны баланста ұстауға нумерологияға келуіңде себеп болған шығар, өйткені пайдасы бар ғой. Осы саланы қалай бастағаның туралы айта кетсең?

Айзат Асқарқызы: Нумерология саласына нумерологтың консультациясына жазылу арқылы келдім. Әуелде бұл туралы құрбыларым айтқанда аса сенбейтінмін, «өтірік айтып отыр?» деп ойлайтын едім. Бір күні әпкем нумерологқа барғанына қуанып, оның айтқандарына риза болып келді. Сосын менің де қызығушылығым оянды. Сонымен нумерологтан жеке консультация алғанда ол менің сандарым арқылы мінезімді, қабілетімді нақты анықтап берді. Сол кезде өзім енді психологияға қызығып, соны зерттеп жүр едім. Ал нумеролог сіздің бағытыңыз психология, нумерология деп нақты көрсетіп берді. Сонда бағытымды нақты таңдап жүр екенмін деп таң қалдым.

Негізі университетте басқа мамандық бойынша оқимын ғой, бірақ одан өзімді көрмейтін едім. Нумерологияға келуіме еліміздегі белгілі нумеролог, сіздердің сайттарыңыздың коллумнисті Құралай Бақытқызы себепкер болды. Ол кісі менің осы саладағы ұстазым.

Қарашаш Есенбай: «Нумерология мен дін қабыспайды» деген пікір бар. Байқасам, жиі орамалмен жүресің, дінге жақындығыңды желідегі посттарыңнан байқадым. Ал жоғарыдағы пікірге қандай уәж айтар едің?

Айзат Асқарқызы: Менің отбасымның барлық мүшесі дінге жақын адамдар. Дегенмен мен нумерологияны Жаратқанға серік қосу деп ойламаймын. Себебі өзім осы тұсын арнайы зерттедім. Кез келген дүниенің алатын, не алмайтын тұсы болады. Адам барлық нәрсеге ашық болуы керек деп есептеймін. Нумерологияның дінге қарсы келетін жағы да бар шығар, бірақ пайдалы жері де көп. Осының аражігін ажырата білу керек. Мысалы, бұл адамға жол, бағыт көрсететін сала. Біздегі адамдар мамандық таңдауда көп адасады, сосын өзін таппай делсал күйде жүреді. Ал нумерология оның қабілеттерін анықтап береді. Егер адам бизнес ашатын болса қай жылы қолайлы немесе қай жылы сәтсіз болатынын сандарына қарап анықтауға болады. Осындай кездерде нумерология керемет құрал.

Рас, кейбір нумерологтар болжап кетеді. Оған мен де қарсымын! Өзім болашақ туралы көп айтпауға тырысамын. Консультацияға келген адамға діни тұрғыдан да мағлұмат беруге тырысамын. Мысалы, осы жылы оның сандары құлдырауды, яғни минусты көрсетіп тұрса, жиірек садақа беріңіз, дұға оқыңыз деп айтамын. Адамдар қалай айтсаң, солай қабылдайды ғой. Сол үшін тек жақсылық айтып, адамның қолынан бәрі келетінін ұғындыруға тырасамын.

Қарашаш Есенбай: Нумерологияның қазір біздің елімізде трендке айналып кетті деуге болады. Оған біздегі қандай жағдайлар себеп болған сияқты?

Айзат Асқарқызы: Бізде өзін таба алмай жүрген адамдар өте көп. Нумерологқа адам тектен тек жүгінбейтінін білесіздер. Көпшілігі адасып қарым-қатынастан жолы болмаса, ақшадан қиындық көргенде келеді. Ал ондайлар арамызда көп. Осыған нумерология азда болса септігін тигізіп жатыр деп айта аламын. Бірақ кез келген адам нумеролог бола алмайды. Сондықтан мен мұны Құдайдан келген қасиет деп ойлаймын. Өйткені халықпен жұмыс жасаудың өзіне күш керек, алдыңа келген адамның психологиясына үңілуің керек. Проблемамен келген сәтте адамға нақты, дұрыс жол көрсете алуға тиіссің! Сонымен қатар интуиция мықты болу керек. Негізі әр адамның жөн сілтеп, кеңесіп отыратын бір психолог, бір нумерологы болғаны дұрыс.

Қарашаш Есенбай: «Құдайдан берілетін қасиет» деп қалдыңыз, нумерологияны тылсым әлеммен байланысы бар деп айтуға бола ма?

Айзат Асқарқызы: Жоқ, тылсым әлеммен байланысы бар деп айта алмаймын. Өйткені бұл зерттелген, нақтыланған ғылым. Тек сандарын есептейсіз, соған сәйкес болжамдарын айтасыз, бірақ келешекті көре алмайсыз. Дегенмен мықты нумерологта қандай да бір осы кәсіпке деген қабілет болатындай. Мысалы менде интуиция мықты, сол арқылы адамның жанын түсініп отырамын.

Тағы бір қызығы, ата-анамның айтуынша, кішкентай кезімде біреуге бірнәрсе айтсам сол болады екен. Өзімнің есімде қалғаны, кішкентай күнімде жиі түс көретінмін әрі олар өңіме орындалатын. Бірде шамамен төрт жасымда ғой деймін, үйге туыс апам мен жездем келді, олардың балалары болмай жүрген. Үйде кішкентай қоян ойыншық бар еді, соны екеуінің беттеріне лақтырып, «Мынау Досқалидің баласы, алып кетіңдер» дейді екенмін. Досқали деген жездемнің есімі ғой (күліп). Шүкір, кейін апам ұл бала босанды. Осындай дүниелер бекер емес болар деген ой болады.

Қарашаш Есенбай: Нумерологқа кімдер жиі келеді, ер адамдар немесе әйел адамдар? Әрі оларды көбіне қандай сұрақтар мазалайды?

Айзат Асқарқызы: Ер адамдарды қабылдауыма ата-анам қарсы болды. Сондықтан бас кезде тек әйел адамдарды қабылдап жүргендіктен, қазір де негізгі аудиториям – әйелдер Кейде ғана жұмысында қиындықтар болатын ер адамдар келеді.

Нумерологқа көбінде өзін таба алмай, немен айналысатындарын білмей жүретіндер, сосын жұбымен сәтсіз қарым-қатынас болғандар келеді ғой.

Қарашаш Есенбай: Нумерологиядан бөлек чакрологсың, бұл білімді қайда, қалай  жетілдірдің?

Айзат Асқарқызы: Чакра – өте салмақты дүние. Оны ойнап айта салуға болмайды және онда ешқандай болжам жоқ! Чакраның бар екенін медицина да мойындайды. Ол – адамның бойында орналасқан қуат көздері. Мысалы, дәрігерлер де «омыртқаға абай болу керек» дейді және массаж, хиджама жасайтындар да омыртқаға жақындамайды. Өйткені онда бүкіл энергияны ұстаушы күші «чакралар» орналасқан. Адамның бүкіл өміріне сол чакралар жауап береді. Ол арқылы адам махаббаттағы, ақшадағы, кәсіптегі, шығармашылықтағы жалпы барлық саладағы проблемаларын анықтап, шеше алады. Чакралар кейде блокта болады, оны ашудың өзіндік жолы болады.

Өзім енді осы салаға қызығып жүрген кезімде чакрологқа бардым. Біздің елімізде ондай мамандар өте аз. Бірақ чакрологқа бару арқылы менде өзгерістер болып, бұрын болмаған қабілеттерім ашыла бастады. Оған дейін менің басым өте жиі ауыратын еді… Ал «үшінші көзбен» жұмыс істеу арқылы интуициям дамып, адамдарды тани бастадым. Сосын басым да ауырмайтын болды. Осыдан кейін адамның тағдыры демеймін, бірақ қабілеті, энергиясы сол чакраларға байланысты болатынына сене бастадым.

Бірақ оны анықтау оңай деп айта алмаймын. Себебі адамды бақылап, оның чакралараның түсін көріп отыруың керек. Осы қабілетімді дамытып, әрі қарай цветотерапияны да жетілдіргім келеді. Қазір сол үшін көбірек ізденіп жүрмін.

Қарашаш Есенбай: Адамның чакраларының жабық екенін қалай анықтайсыз? Және оларға қалай көмек көрсететсіз?

Айзат Асқарқызы: Анықтау үшін сандарын есептейміз, оның өзіндік тәсілдері бар. Есептеген кезде қай чакрасы блокта, қайсысының пайызы көп екені шығады. Бұл есеп әдетте тура келеді. Мысалы, бірінші чакрасы жабық адам жалқау, әлсіз болады. Өйткені жерден энергия ала алмайды. Ал осыны ашса, адамның энергиясы көбейіп, мықты бола бастайды. Сол сияқты адам бойындағы жеті чакраның әр қайсысы жекелей бір проблемаларға жауап береді.

Қазір нумеролгиямен көбірек айналыс жүргендіктен, чакрасын аштыруға келетіндер көп емес. Бірақ келесі айдан бастап осы саланы көбірек ізденіп, қолға алғым келеді.

Қарашаш Есенбай: Жалпы Садхурудың «Карма адамдардың ойлап тапқаны» деген сөзі бар екен. Бұл пікірмен келісесіз бе әлде карма бар ма?

Айзат Асқарқызы: Кармаға аса қатты сенемін деп айта алмаймын. Бірақ аузымыздан шыққан сөз айналып өзімізге келеріне сенемін. Дегенмен нақты карманың өзіне, оның бөлінуіне мән бермеймін. Өйткені бұл біздің емес, буддалықтардың көбірек пайдаланатыны. Былайша айтқанда, діннен де безіп кеткім келмейді. Сондықтан үнемі балансты ұстауға тұрысамын.

Қарашаш Есенбай: Нумерологияны үйреніп жүрген кезде барлық туыстарды есептеп шыққан боларсың, сол кезде қандай да бір таң қалатын нәтижелерге кезіктің бе?

Айзат Асқарқызы: Иә, жылдарға болжам жасаған да дөп келіп жатады. Негізі өзім айтқан кезде аса сеніп айтпаймы, өйткені бәрі Алланың құзырында. Тек сандары көрсетіп тұрған мәліметті айтып беремін. Дегенмен келушілер «Сіз маған осылай айтып едіңіз, сол шынымен болды» деп жиі жазады. Ата-анамның мінездері тура шықты, бірақ менің әке шешем аса сенбейді. Әкем – намазхан адам, анам да емші, болжаушы жағалайтын адам емес.

Қарашаш Есенбай: Ол кісілер нумерологиямен айналысуыңа қалай қарайды?

Айзат Асқарқызы: Алғашында жақсы қарап жүрген, кейін әкем «дін жағынан дұрыс емес» дегенді естіп қарсы болды, сосын айналысуыма тиым салған. Ал әрбір іске ата-ананың ақ батасы маңызды ғой. Сол үшін әкеме «Дінге қарсы емес екенін дәлелдеймін» деп сөз бердім, оны дәлелдедім де. Сосын ол кісі рұқсатын берді, қазір шүкір алға жылжып келеміз.

Қарашаш Есенбай: Бұл саладан бөлек ыдыстар сататын дүкенің бар екен, бұл кәсіпті қалай бастадыңы?

Айзат Асқарқызы: Негізі сауда, кәсіп жолы – менің анам бастаған жол. Бәрібір қанмен жұғады екен, үйде 2 қызбыз ғой, алдымдағы әпкемде саудамен айналысады, жеке кәсіпкер. Анам мен дүниеге келіп, көзімді ашқалы саудада, бізде қасында жүріп соған үйреніп кеткенбіз. Анам алғашында ұсақ-түйек ыдыс-аяқ, тамақ сатумен бастаған, кейін дүкендер ашты. Сол дүкендер үлкейіп тек ыдыс емес, көрпе-жабдық, сандық, бір сөзбен айтқанда қыздың жасауына керек дүниелер сатумен айналысатын болды. Анамның дүкендері Жаңаөзен қаласында, өзім сол қаланың тумасымын.

Кейін ата-анамның көмегімен дәл сондай тауарлар сататын Ақтау қаласы, Әсем-Берекет сауда орталығынан «Айзат» дүкенін ашып қойдық. Қазір өзім Алматыдамын, дүкен анамның қарамағында.

Қарашаш Есенбай: Байқайсың ба, сауда жасайтындарға бізде аса дұрыс көзқарас жоқ. Мысалы кино, әңгіме, не бір мысалдарда саудагерді қу, айлакер деп суреттейді. Қазір бұл сторетип жойылды ма? Қыз баланың сауда жасауына деген қоғамның көзқарасы қандай?

Айзат Асқарқызы: Бұл салада маған анашым үлгі болды. Мысалы, сауданы кішкентайымыздан көріп өстік, анам біреудің артық тиыны кетіп қалса артынан жүгіріп барып беретін еді. Себебі Алла балаларымның алдынан шығарады деп ойлайды. Тіпті тауар алғанда бір ыдыс артық келсе хабарласып, қайта салып жіберетін, не ақысын төлейтін. Сондай адалдықтың бейнесін көріп өскендіктен менде сол шектен аттай алмаймын. Өмірде біреудің іспен, не сөзбен болсын қақысын жеуге болмайды. Өйткені ол қайта өзіңе айналып келеді. Мен осы ұстанымды санама сіңіріп алғанмын. Ал басқалардың ойы өздеріне байланысты.

Қарашаш Есенбай: Ақша майын сатады екенсіз, оны қайдан алдырасың? Жалпы ол қандай май?

Айзат Асқарқызы: Мен ең бірінші ақша шақыратын әмиян шығардым. Ол кездейсоқ ойға келген дүние, әйтпесе біреуді көшірейін деген ниетім болған жоқ. Менің идеям мүлде басқа, ешкімге ұқсамайды, оған сенімдімін. Әмиян алғандар дүкеніме келіп, мақтап кетеді. Себебі шынайы ықыласыммен жасаймын, бірақ техникам құпия. Әмиянның ішінде 9 дұға, махаббат айнасы, сосын ақша майы бар, жалпы ақшаға қатысты техниканың бәрі бар. Біреулер оны «серік қосу» деп айтып жатады, олай емес. Мен алушыларға да «Әмиянға табынып кетпеңіздер! Береке байлық Алладан» деп айтып отырамын. Бірақ әмиянда жақсы энергия бар екені рас, сондықтан да шығар алғыс айтатын адамдар көп, бәрі пайдасын көріп жүр. Оқырманға сенімді болуы үшін маған келген пікірлерді нөмірімен, атын көрсетіп жазып отырамын.

Ал ақша майын құрбым Үндістаннан алып келген екен, маған сыйлыққа берді. Басында сенген жоқпын, бірақ бөлмемнің бәріне жағып, еден жуатын суға дейін қосып тастадым. Өйткені иісі әдемі, ақшаның иісі шығып тұрады. Сосын сол майды зерттедім ғой (күліп). Асылында ақша осы майдан жасалады екен, әрі оның бірнеше түрі бар, бірақ осы майдың нәтижесі мықты. Шығатын жерлерін зерттеп тапсырыспен алдырдым, қазір саудамен айналысатын адамдар жиі алады. Олар да нәтижесіне риза болып жүр. Жаңа жоғарыда айтқандай чакраның біреуі ақшаға жауап береді. Оны ашу үшін әрекет істеу керек, байлықтың энергиясы байлықты, ақшаның энергиясы ақшаны тартады. Бір нәрсеге біреу себепші болады ғой. Менің әмияндарым мен ақша майым жақсылыққа себеп болатынына қуанамын. Алланың бұйыртқаны болады, бірақ қол қусырып отыра берсең одан да құр қаласың! Сіз жегіңіз келетін затты алуға әрекет етесіз ғой, сол секілді жақсылыққа да іс қылмақ керек. Әрекет сенен болғанда, береке Алладан келеді.

Қарашаш Есенбай: Айтпақшы, инста историяға ұсынған маскаңды көрдім. «Адайка» деп қойыпсың, оны шығару қайдан ойға келді?

Айзат Асқарқызы: Иә, инстағы бір рет шығарып көрдім. Алдағы уақытта тағы шығарамын. Неге «Адайка» дегенде, білмеймін, өзім адайдың қызы болғасын шығар (күліп)?! Болашақта «Қазақстан», «қоңырат» «найман» деген сияқты маскалар шығарғым келеді.

Қарашаш Есенбай: Айзат өзің сұлулыққа құштар жан секілдісің, маскалар да содан хабар беріп тұрғандай. Болашағыңды қалай көркем елестетесің?

Айзат Асқарқызы: Мен болашағымды үлгілі келін, аяулы жар, абзал ана ретінде елестемін. Қазір күшім мен мүмкіндігім болғасын, қолдан келген еңбекті істеп жүмін. Бірақ болашақта нәзік әйел, бір үйдің атанасы болғым келеді.

Қарашаш Есенбай: Сол тілегіңе Алла жеткізсін. Сұқбаттасқаныңа рақмет!


Бөлісу
Banner Content
Тегтер: , , , , , ,

0 Пікірлер

Пікір қалдыру

fourteen − four =

kkKazakh
kkKazakh