Желтоқсан 7, 2019
Banner Content
Бөлісу

Күнделікті тамақтанып жүргеніңізбен қарныңыз тоймай ма? Онда мұның да бірнеше себептері бар!

 

Қарныңыздың ашқаны жеткілікті мөлшерде тамақтанбай жүрсіз дегенді білдірмейді. Мүмкін дұрыс тамақтанбайтын шығарсыз, бір жеріңіздің ауырып жүргені де әсер етеді немесе өміріңізде қызықты хоббилеріңіздің болмауы да себеп бола алады. Біз ұсынатын себептерді қарап, өзіңізді тексеріп көріңіз мүмкін жауабын тауып қаларсыз?

  •        Аз ұйқы

 

Девочка, Сон, Женщины, Женщина, Молодой, Люди

Сегіз немесе тоғыз сағаттан аз ұйықтаған кезде, қанағаттану сезіміне жауап беретін гормондардың балансы бұзылады. Сонымен қатар, біз аз ұйықтаған кезде қанда химиялық заттың мөлшері артады, бұл бізге тамақтанудан ерекше ләззат алуға мүмкіндік береді. Егер сіздің бірдеңе шайнағыңыз келе берсе, «Жеткілікті ұйықтап жүрмін бе?» деген сұраққа жауап беріп көріңіз.

  •     Ақуызды аз жейсіз

Яичный Желток, Белки, Питания, Питание, Здоровый, Варка

Әсіресе таңғы ас кезінде жеу керек. Миссури университетінің мамандары жүргізген зерттеуінде көрсеткендей, таңғы асқа жұмыртқа дайындайтын  әйелдер аштықты күндіз таңғы ас ішпейтіндер мен тамақ құрамында көмірсуды артық пайдаланғандарға қарағанда аз сезінеді екен.

  • Суды аз ішесіз

Бутылки, Минеральная Вода, Бутылка Воды, Питьевая Вода

Аштықтың ең көп тараған себептерінің бірі – қарныңыздың ашуын шөлдеуден айыра алмау. Біз бұл екі сезімді жиі шатастырып, су ішудің орнына тамақ жейміз. Дәрігерлер аштық сезінгенде алдымен жарты стакан су ішуді ұсынады. Айтпақшы, шамамен 20 мың ерікті қатысқан зерттеу нәтижелерінің көрсеткішінде: күніне бір стакан көп су ішетін адамдар, күнделікті рационын 205 калорияға азайтты.

  •  Сіз көп ашуланасыз

Ярости, Расстройство, Лица, Женщина, Сердитый, Стресс

Стресске ұшыраған кезде шығарылатын кортизол гормоны аштық сезімімен тікелей байланысты: оның деңгейі неғұрлым жоғары болса, қандағы қант деңгейі соғұрлым жоғары болады. Сондықтан бәрі қарапайым: біз стрессте неғұрлым ұзақ өмір сүретін болсақ, онда біз өзімізді аш сезінеміз Сондықтан стресстен арылудың жолын іздеудің уақыты келді!

  • Сіздің әлеуметтік желілеріңізде тағам суреттері тым көп

Интернет, Whatsapp, Смартфон, Связь, Телефон, Сеть, App

Аппетит тамақпен ғана емес, сонымен қатар тартымды суреттерді көргенде де пайда болады. Ия, жай ғана салаттың, әдемі торттың немесе қызғылт тауықтың суретін қарасаңыз болды, қан біздің талғамымызды тануға жауап беретін аймақтарға түседі.  Сол себепті тамақ жегіміз келіп тұрады.

 


Бөлісу
Banner Content
Тегтер: , , , ,

0 Пікірлер

Пікір қалдыру

seventeen − three =

kkKazakh
kkKazakh