Banner Top
Түркия «очерктері»

Екінің бірі табан тіреп жүрген ел ғой. Десе де менің табаным үшін біраз жылды қажет етті. Студент едім, сабағымды бітірейін дедім, жұмысқа тұрдым, қаржы жинайын дедім… Жалпы қай іске де бірен-саран сылтау табылып тұрады ғой  . Жаның қалап тұрған нәрсе болса да. Бір жағы қорқыныш, сенімсіздік, көп жағдайда еріншектік те ықпал береді.
Соңғы 1-2 жыл көлемінде Түркияға   деген қызығушылығым артты. Жеріне, қалаларына, халқына, әсіресе, тіліне. Сериалдары әсер етті дей алмаймын, себебі оларды ес білгелі көріп келеміз. Тілін ұнатқаным соншалық, түк ұқпай бір сериалын көріп бастап, бір жарым айда әңгімелерін түсінетін жағдайға жетіппін. Содан кейін ғана тіл курсына жазылдым. Бағыма орай Түркияда 7 жыл тұрған, қыр-сырын білетін Гауһар мұғалімім жолықты. Ол тіл үйретіп қана қоймай, мен қызыққан ақпардың бәрін берді. Ақтауға келгенде екінші рет тіл курсына бара бастадым. Сол жер менің ойымның шындыққа айналуына мүмкіндік жасады. « рет естігенше, бір рет көр» деген. Ойға алған дүниені тез арада іске асырмасаң, өзіңе көңілің толмайды және ол маза бермейді . Өз басым сол ойға шырмалып, басқаға көңіл аудар алмай қалатыным бар. Қысқасы, көп ұзамай, наурыз көктемде қара шайды көп ішетін елге жол түсті.
Стамбулдың көлік пен халық сабылған тар көшелері мен Чанаккаленің тарихи орындарын аралап үлгердім. Бірнеше түрік құрбы таптым. Кинодан көретін көпір мен теңіз жағасында   серуендеуді армандаушы едім, орындалды. Теңіз ауасымен терең тыныстадым. Бір сөзбен айтқанда, сәті түскен сапар болды. Елге келген соң ішімде біршама қимастық қалғанын байқадым. Тағы не байқағаным төменде  :
Онда жүргенімде ештеңе ерекше көрінбеді, ештеңе таңдантпады. Сериалдары арқылы барын көрсетіп тастаған секілді. Дегенмен ….
#БіздеДеСолайБолса дейтін дүниелер баршылық !
Халқының еңбекқорлығы мен сыйластығы сүйсінтті. Кеш жатып, ерте тұрады. Қай кезде ұйықтайды деген ой келеді. Күннің суығына қарамастан шаруасын қамдап жүргені. Қызметтің қандай түрін де сапалы ұсынуға тырысады.
#БіздеДеСолайБолса
Кішіпейілдік көп байқалды. Жол сұрасаң, айтпайды. Өздері жеткізіп салады.
Дəріханаға да апарып, қысылтаяңда өздерінен, көршіден табылған барлық дəріні əкелді. Айтпақшы, жексенбі күні дəріханалар жабық болады екен. #БіздеОлайБолмайақҚойсын
Тар жол, «тайғақ кешу»). Көшелері мен жолдары өте тар. Көлік те, жолаушы да бір жолда сабылып жүр. Бағдаршамға мəн берген кісі өте сирек. Əйтпесе барлығы жұмыс істеп тұр. Соған қарамастан, жол апаты өте аз.
#БіздеДеСолайБолса
Стамбулда 20 млн.астам халық тұрады. Дегенмен қоғамдық көлікте тұрғындардың сығылысқанын көрмедім. Транспорт өте көп əрі жылдам қызмет етеді.
Таяқ тастам жер сайын мешітке кезігесің. «Қай жерде бар еді?», «Қалай баратын еді?» деп алаңдамайсың.
#БіздеДеСолайБолса
Қоғамдық көліктерге отыру құны Ақтаудың таксилерімен бірдей.
#БіздеОлайБолмайақҚойсын

Бардым, көрдім, ойым жүзеге асты. Бірақ сені Қазақстаннан артық жақсы көре алмаймын, Түркия. #Айыптамашы мені…

#tekrar_geleceğiz

0 Comments

Leave a Comment

nineteen − 18 =