Қазан 24, 2019
Banner Content
Бөлісу

«Мен әдемі емеспін» деген сенім сені одан бетер ұсқынсыз етеді.

Біріншіден, әдеміліктің ішкі дүниеден бастау аларын ұмытып, сыртқыны әспеттеуге бар ынтаңды/ақшаңды/энергияңды жұмсайсың. Сәйкесінше, түсініксіз тараптардың, трендтердің, маркетингтік қадамдардың құрбанына, әйтпесе тіпті тұрақты тұтынушысына айналасың. Бұл – екі. Үшіншіден, бір күні сен таусыласың: әдемі әлемдегі әдемі өзіңді іздеуден әдемілік тумайды. Оның интерпретациясы тым көп. Сонда не істеу керек?


Банально, бірақ ақиқаты осы: ішкі әлеміңді дұрыста. Алдымен, жай ғана тыныштал. Сыртқы әлемге тәуелділігіңді бір сәтке өшіріп көр. Өзіңмен өзің қалып, өзіңді таны. Сен кімсің? Нені расымен ұнатасың? Неге аңсарың ауады? Ал қай дүние саған таңылған? Медитация жаса. Бір күні қажетсіздің бәрі ұшып, нағыз өзіңмен танысасың. Алғашқы кездесу ыңғайсыз болуы мүмкін. Себебі шын бейнеңді мүлдем танымағаныңды ұғасың. Келесі қадам – өзіңді барыңмен қабылдау. Осы – қиыны да: идеал емес екеніңді түсіну. Жеңіліс сияқты көрініп, күрсінуің мүмкін. Бірақ, қателестің. Дәл осы сәт жеңіс деп аталады. Себебі қабылдаудан махаббат туады. Ішкі әлеміңді, шын өзіңді жақсы көруден сыртқы әлем реттеледі. Артық фантик-мантиктің бәрі кетіп, баланс орнайды. Міне осы сезім, сол сезімге кенелген өзің «әдемі» деп аталасыңдар. Қалғаны бос әңгіме.

Автор: Назгүл Назар

Фото: pixabay.com


Бөлісу
Banner Content

0 Пікірлер

Пікір қалдыру

one × five =

kkKazakh
kkKazakh