Біздің баюымызға не кедергі?

Оқуды аяқтап, жақсы жұмысқа тұрдыңыз, жағдайы жақсы адамдармен араласасыз, күндіз-түні тыңбай еңбек етесіз. Бірақ сонда да әлі күнге дейін байып кете алмай жүрсіз. Шын мәнінде, кризис пен инфляцияны бастан кешірген ата-анамыздың біздің бойымызға сіңірген әдеттері мен жеке қорқыныш пен үрейлеріміз бізге баюға кедергі келтіреді. Олай болса, қаржылай қиындықтарды жою үшін сізге баюға кедергі келтіретін психологиялық себептермен таныс болыңыз.

№1 себеп: Ақшасы – жаман зат ретінде қабылдау

«Бақыт – байлықта емес», «Адамды ақша құртады», «Ақша көрсе періште жолдан таяр», – деген секілді тіркестерді жиі естіген боларсыз. Егер ақшаны дәл осылай негативті түрде қабылдайтын болсаңыз, ол сіздің өміріңізде азаймаса көбеймейді.

Не істеу керек?

Ақ парақ алып, ақша туралы естіген негативті пікірлеріңізді тізіп жазыңыз. Ойыңызды өзгерту үшін тіркестерді дұрыс жағына өзгертіңіз. Мәселен, «Ақша жаман адамды құртады, ал жақсы адамды құрта алмайды», «Бақыт ақшада емес, бірақ ақша бақытты болу үшін жаңа мүмкіндіктер сыйлайды».

№2 себеп: Үнемі қаралы күнге дайындалып жүру

Байымаудың себебі – әрдайым ақшаның таусылып қалатыны туралы ойлап, кез-келген жерде үнемдеп қалуға тырысу. Егер үнемі белгісіз бір күні ақшасыз қалу туралы ойлайтын болсаңыз – солай болады.

Не істеу керек?

Ақшаңызға ешкім тиіспейтін, өзіңізге ғана қолжетімді депозит ашып, банкте сақтаңыз. Ал қалған ақшаны шектеусіз жұмсауға үйреніңіз.

№3 себеп: Ақша мен адамгершілік бірге бола алмайды

Біздің бойымызда ақшаның барлығын мұқтаж жандарға бөліп беру керек, өзімізге жұмсау қателік деген түсінік бар. Бәлкім, осы себепті әлі күнге дейін армандаған қымбат бағалы сумканы ала алмай жүрсіз. Алайда, есіңізде болсын, қаншалықты бай болсаңыз, соншалықты кедейлерге көмектесуге мүмкіндігіңіз болады.

Не істеу керек?

Адамгершіліктің ақшаның көлеміне емес, ақшаға деген қарым-қатынасқа қатысты екенін түсініңіз. Бай адамдар да, Алланың сүйіктісі бола алады.

№4 себеп: Сіз бар ақшаңыздан айырылып қалуға қорқасыз

Сірә, барлығыңызда өз жұмысын жек көретін, бірақ оны өзгертуге тырыспайтын, ал айдың соңында жалақысына көңілі толмайтын таныс бар шығар. Бұндай адамдар тауып жүрген аз-маз ақшасынан айырылып қалудан қорқады. Алайда, қосымша жұмыс іздеп, басқа мамандықты игеруді қаламайды.

Не істеу керек?

Тәуекел етуді үйреніңіз. Карьерада өсу үшін, сүйікті ісіңізді табу үшін, көп ақша табу үшін бойыңыздағы барлық мүмкіндікті жан-жақсы пайдалануға тырысыңыз. Керек болса, тұратын қалаңызды, елді, сүйікті әдеттеріңізді өзгертіңіз.

№5 себеп: Өмірдегі ең маңызды нәрсе – ақша деп ойлау

Сіз баюды ойлаған кезде, көп ақшаңыз болуды армандайсыз. Шын мәнінде, олай емес. Сізге бірінші орында ақша емес, қаражат арқылы қол жеткізуге болатын істерді армандаңыз. Ақша өзімен-өзі бізді бақытты немесе бақытсыз ете алмайды. Ақшаны пайдалану арқылы қалаған деңгейге жете аламыз.

Не істеу керек?

Ақша арқылы істегіңіз келетін жақсы істер мен пайдалы заттар туралы ойлаңыз. Неғұрлым жақсы нәрсеге ниеттенсеңіз, соғұрлым ақшаңыз көбейеді.

Total
2
Shares
Previous Post

Махаббатты өлтіреді: Ұрыс-керіс кезінде айтуға болмайтын сөздер

Next Post

Үйде жұмыс істеуге өзіңді қалай шабыттандыруға болады?