Тамыз 22, 2019
Banner Top
ЖІГІТТЕРДІ ӨСІМДІККЕ ТЕҢЕУГЕ БОЛА МА?

Жалғасы…

Басын оқы үшін…

Тағы бір бөлігі шөлейт жердегі өсімдіктер. Олар алғашқы тармақтағыдай суды қатты қаламаса да кет әрі емес, шөлге төтеп бергенімен ол да көпке бармайды. Қатты шөл қысса бұл жігіттер «сулы» жерге кетіп қалуы да ғажап емес. Бұл топтағылардың өзіндік мендері аздап болсын жоғарыдағылардан күштірек. Яғни, байлық үшін жасы үлкен әйелге таңдау жасамайды. Бірақ, өзінің сүйгенімен бар қиындықты бірге көтереді деуге де болмайды. Әдетте, тұрақсыз болып келетін бұл жігіттер тез арада­ ақ, басқа қыздармен жаңа өмір бастауға қабілетті. Бұл жігітті өз орнында ұстап тұру үшін су мен шөлді бірдей мөлшерде пайдалану керек. Бұл топтағы жігіттің әйелі ақылды болмаса, бақытты өмір сүруі не ғайбыл. Бақтарына орай ондайларға көнбіс
әйелдер көп жолығады екен.

Өсімдіктер өсетін тағы бір жер ылғалды топырақ болып табылады. Осы тапқа сәйкес келетін жігіттер байдың ерке қызын қолына қондыратын, күшік күйеулер шығар. Олардың сөзіне қарасаң намысшыл болып көрінуі мүмкін. Шын мәнінде көбі намыс пен пасықтықты ажыра алмай қалғандар. Өздері жағдайы төмен ортадан шыққанымен, дәулетті отбасының қызына қол жеткізіп, сол арқылы бір саты болса да дәрежелерін көтеруге тырысады. Махаббаттан басы айналған байдың қызы ол үшін бәріне дайын болып көрінгенімен, уақыт өте келе шыдамының шегі таусылып қалуы ғажап емес. Жігіттің үйіне бойы үйренбесе, көбіне өз ата­ анасының үйіне екеуі бірге оралады. Қазіргі таңда бұл топтағы жігіттердің саны күрт көбейіп кеткен. Бәлкім, ылғалды жер жайлы болса керек. Қыздың әкесі үйі мен көлігінде қамтамасыз етіп отырса, неге қызының көңілін таппасқа?

Әрбір өсімдік нәр беретін жерін таңдап алғаны сықылды, бойжеткен, сізде өз серігіңізге таңдау жасай аласыз. Жаныңызға жайлы, осы жерден өсіп­ өнеміз десеңіз, сол жерді тыңайту үшін бар күшіңізді саласыз!

Banner Content
Tags: , , , , , , ,

0 Comments

Leave a Comment

17 − six =