Жеке шекара деген не?

Өзіңізді сыртқы әлемнен бөлек әрі байланыста сезінуге көмектесетін ешкімге көрінбейтін, жұқа әрі нәзік шекара – жеке аумағыңыз. Ең қиыны балансты ұстап тұру. Жеке шекараңыз «темірдей» қатты немесе тым жұқа да болмауы керек.

Басқа адамдар сіздің жеке шекараңызға қол сұғуы мүмкін, жасыратыны жоқ, біз де кейде солай істейміз. Ал ең өкініштісі, біз көбінесе өзімізге өзіміз әділетсіз, жауапсыз боламыз. Біле тұры немесе байқамай өзімізді ренжітеміз, жанымыз қалап тұрған нәрсені істемей, қинап қоямыз.

Ең алдымен біліп алыңыз, әр тұлғаның физикалық, психологиялық және әлеуметтік жеке шекарасы болады.

Физикалық шекараны бұзу белгілері:

  • Денеңізге сіздің рұқсатыңызсыз қол тигізу. Мейлі бұл жайға иықтан сипау немесе қарапайым құшақтасу болса да, алдымен сіздің келісіміңіз болуы керек.
  • Жеке аймағыңызға рұқсатсыз кіру. Жасөспірім кезден бастап жеке бөлмеңізге өзге адамдар тек сіздің жеке рұқсатыңызбен ғана кіруі керек.
  • Жеке заттарыңызды рұқсатсыз пайдалану. Заманауи өмірде телефоныңызды, ноутбугыңызды рұқсатсыз алу немесе пайдалану.

Әлеуметтік шекараны бұзу белгілері:

  • Қызметтік субординацияны бұзу. Қызметі жоғары адаммен қызметкер бір-бірімен аты-жөнін толық айту арқылы араласады.
  • Қарым-қатынас, әңгіме барысында орынсыз сұрақ қою. Қызметтес адамдар еңбек кітапшасында көрсетілген ережеге сай ғана сұрақтар қоя алады, жеке басыңызға, отбасыңызға және басқа да көзқарастарыңызға қатысты сұрақтарды тікелей қоя алмайды.

Психологиялық шекараны бұзу белгілері:

  • Өзге адамның ойын, мақсатын, қалауын жоққа шығару. Ешкім сіздің арманыңыз бен ойыңызды бағалай алмайды: «Болмайтын нәрсені армандайды екенсің», «Сен жұмыс істеп қарық қылмайсың, одан да үйде отыр», «Бұған қолың ешқашан жетпейді, одан да басқа нәрсені арманда», – деп ешкімге айтқызбаңыз.
  • Өз ойы мен көзқарасын жоғары қою. «Мен сенен жақсы білемін», «Мені тыңда, өмірде тәжірибем көбірек», «Менің айтқаныммен жүргенің дқрыс болады», – деген сөздерді тыңдамаңыз.
  • Сіз үшін жағымсыз тақырыпта сұрақ қою. «Сен қашан тұрмысқа шығасың?», «Сен шынымен ажырасып кеттің ба?», «Сен қашан бала туасың?», «Қашан салмақ тастайсың?», -деген сияқты орынсыз тақырыпта әңгіме қозғаған дұрыс емес.

Жеке шекараны адамдар әдейі немесе білместікпен бұзуы мүмкін. Олардың ең көп айтатын сөзі: «Несі бар, мен тек жақсы болуын қаладым». Ең бастысы дер кезінде тоқтатып, қорғана біліңіз. Өзіңізге ұнамайтын әңгімеден, әрекеттен, ортадан шығып кету, араласуды тоқтату ешқашан кеш емес!

Total
0
Shares
Previous Post

2022 жылға пайдалы 30 әдеттер

Next Post

Махаббатты өлтіреді: Ұрыс-керіс кезінде айтуға болмайтын сөздер