Социопат деген кім?

Қарапайым сөздермен түсіндіріп көрейік…

Социопат – бұл шешімді тек қана өз пайдасы үшін қабылдайтын адамдар. Олар үшін қабылдаған шешімнің басқа адамдарға тигізетін әсері маңызды емес. Бұндай адамдар манипуляция шебері. Дәрігерлер социопаттарға бөлек психикалық диагноз қойған.

Социопаттардың белгілері:

  • Басқа адамдардың сезіміне бей-жай қарау;
  • Әлеуметтік ережелер мен міндеттеріне жауапсыздықпен қарау;
  • Қарым-қатынаста қиындықтар туындаған жағдайда әрекет етуге тырыспау;
  • Өз кінәсін мойындай алмау, қателіктерден сабақ алмау;
  • Өзінің әрекеттеріне басқа адамдарды кінәлау;

Сондай-ақ, социопаттар ашуланып жүреді. Олар өз мақсаттарына жету үшін жанындағы адамдарды шатастыруы, алдауы мүмкін. Тіпті мәселені басқаша жеткізіп, адамдарды уайымға салуы мүмкін. Олар үшін қасындағылардың ашулы, үрейде және уайымда, сенімсіз болғаны ұнайды.

Социопаттармен жақын қарым-қатынаста болу мүмкін бе?

Харизмасымен ерекшеленетін социопаттар өздеріне назарды тез аудара алады. Көбінесе олар отбасында махаббат пен қамқорлық жетіспеген адамдар. Олар өздеріне керек нәрсеге, құпия мақсатына жету үшін сүйем-күйем деп алдауы мүмкін. Олар өтірікті жақсы айта алады. Алайда, өз дегендеріне жеткеннен кейін жолдасын оңай тастап кетуі мүмкін.

Социопатияны жеңу мүмкін бе?

Шынына келетін болсақ, социопатиядан толықтай құтылу мүмкін емес. Психологпен жүйелі жұмыс жасау арқылы кейбір симптомдарынан айығуға болады. Қайталап айтайық, социопаттардың ең басты ерекшелігі – жағдайды дұрыс қабылдай алмауында. Олар отбасында, жұмыста, оқуда проблемасы бар екенін білсе де, оған басқа адамдарды кінәлауды тоқтатпайды.

Ал, жақсы жаңалық – социопатия жас ұлғайған сайын әлсірейді. Адам жасына жас қосыла бастағанда, жағдайға көзқарасы мен мінезі өзгере бастайды.

Total
30
Shares
Previous Post

Тұрмысқа шыққанға дейін жігітке қойылуы керек 5 сұрақ

Next Post

2022 жылға пайдалы 30 әдеттер