Әпкем мені алалап, байдың қыздарын артық көрді… - Ikerim.kz

Әпкем мені алалап, байдың қыздарын артық көрді…

Бүгін көптен көрмеген бір құрбыммен кездесіп, шәй іштік. Шәймен бірге шәрбатты әңгіменің біразын айттық.⠀
Жылы естелік, күлкілі кездер, ұнаған-ұнайтын жігіттер, жаңалықтар… тым періште болмай-ақ қояйық подрушкаңмен әңгіме айтқанда біреуді сөз етіп, ғайбатты да айналып өтіп кетпейтінің анық қой…? ⠀⠀

Cолай әңгімеден әңгіме шығып, құрбым әпкесіне өкпелеп жүргенін айтып қалды. Себеп – әпкесің мұны алалауы. Сөзінше ол әпкесі екеуі өте жақын, сырлас болған. Бірақ оның ақшасы бар туыстарына жалпылдауын көріп жыны келіп қалыпты. Сондағысы әпкесі бір мерекеде бұған «подарка алып қойдым, келсеңші» деп шақырған, бірақ ол жұмыста болып бармапты. Бір апта өткенде жұмыстан келе жатып үйіне соғып кетеді ғой, сол кезде әпкесі ол подарканы біреуге беріп жібердім, сен келмегесін дейді. Оған құрбым назар да аудармапты. Біреудің бермегенін жұлып алмайды ғой… ⠀

Ең қызығы, тағы бірнеше күннен кейін сол үйге барып қалады, сол кезде бір ағаларының қыздары отырады. Оларды шығарып салып жатып, әпкесі оларға подарка беріпті мерекемен құттықтап. Қасында тұрған құрбыма «Сенің подаркаңды бере салдым, саған басқасын алып берем ғой» деген. Алдында айтқан әңгімесін ұмытып кеткен ғой.
Келіп тұрған бір бай ағасының қыздары екен. Ал мұның әкесі қарапайым ауылдағы шаруа адам.⠀



Әңгіме ол подарка да емес, сондағысы жай бір шәй ішетін кесе дейді. Просто әпкесінің солай жасағанын түсінбей отыр… «Байдың қыздарына берсе қайтады, менен қайтпайды деп жасағаны шығар?! Сол кесе сынып та қалады ғой, ары кетсе 2000 тұрады. Просто бір бос әңгіме сияқты, ал менің сынған көңілімнің астында ол сестрама деген ыстық махаббат, сыйластық, жылылық көміліп қалды» дейді…⠀


«Сол кесе дегенді мен-ақ сыйлайыншы, как раз Жаңа жыл келе жатыр» деп, көңілін аулауға тырыстым)) ⠀

Бірақ деймін, адамдардың пейілі сонша тарылып кеткен бе? Бір кесенің кесіренен құрбымның кең пейілінен айырылып отыр. Может ол жағдайы төмен отбасынан шыққан шығар, бірақ қазір жақсы қызметі мен табысы бар адам. Бастысы әппақ көңілі бар адам. Оның көрмеген сестрасының мына әрекетін көріп мен жиеркеніп кеттім. Құдай адамға абырой берсін!

 

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Previous Post

ТЕСТ: Раушанның бірін таңдап, мінезіңізді біліңіз

Next Post

Қысқатолқынды пешті не үшін пайдаланасыз?