Махаббат, сен биік едің ғой… - Ikerim.kz

Махаббат, сен биік едің ғой…

Біреуді шын ұнатып, бар пейіліңмен жақсы көре бастасаң өзіңді сыртқа тебетін, сен махаббат деп атаған ұлы сезімнің астаң-кестеңін шығаратын сұм махаббат бар. Əлде, балалықтың бал қайнаған шағында махаббат деген аты бар, заты жоқ сезімнің қолында жай ғана ойыншық болғанымыз ба?
Неге адамдарға бауыр басудың соншалық оңай болатыны секілді,алыстау мен ұмытудың оңай болмайтыны несі?

Махаббат?
Сен биік те асқақ, тұғырлы сезім едің ғой?
Төл теңгеміз құсап сенде құлдырап барасың-ау… Биліктегі біздің немқұрайлығымыз ба бұл?
Мейірімге құштарлықты үйіп-төгіп бергенше, сол жақта соғып тұрған құрғыр жүректі тас қыла салмайсың неге?
Əлсізді əлді етіп, жүректіні жүрексіз ететін нендей құдырет иесісің сен махаббат? ⠀

Махаббат соншалық таза да пəк болушы еді ғой?
Бір ғана адамды шексіз сүйіп, құлай сүю емес пе еді?
Бірі көнбесе екіншісіне, екіншісі көнбесе үшіншісіне жүгіру итке ғана тəн пасықтық еді ғой?

 

Автор: Айнұр 

 Фото: pixabay.com

Total
29
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Previous Post

Нумерология: Бүгін дүниеге келген адамдар қандай болады?

Next Post

Қай қалаға барар едіңіз?