Энергияны күні бойы қалай сақтауға болады?

Кеше уақытты тиімді өткізу жолдарымен бөліссек, бүгін күнді тиімді өткізудің тағы бір жолы күш – қуатты сақтау, қалай жұмыс істеу керектігі жайлы сөз қозғаймыз.

Энергияны сақтап қалу лайфхактары

1. Спортпен айналысыңыз. Күш-қуат беріп қана қоймай, сіздің денсаулығыңызға да пайдасы бар, әрі көңіл – күйді көтеріп, ұйқыңыз тыныштала түседі.

2. Дұрыс тамақтаныңыз. Сіздің тамақтанғаныңызға байланысты, күш -қуатыңызда төмендейді.

3. Кофені үш уақыт қолдануға болмайтынын білесіз. Сондықтан тек керек кезде, энергияңыздың таусылып бара жатқанда ғана қолданыңыз. Егер күнделікті ішетін болсаңыз көмегін бермеуі де мүмкін.

4. Су ішіңіз, себебі ас қортуды жақсарта түседі, әрі токсиндарды шығарып, тәбетіңізді аша түседі.

5. Тамақтану күнделігін жүргізіңіз. Тамақтану режимін сақтап жүрген адамдар, артық салмақтан ада болады.

6. Ұйқыңызды қандырып алыңыз. Ұйқы сіздің назарыңызды дұрыс бағытта беріп, стрестен алшақ болып, құбылмалы көңіл – күйден аулақ боласыз.

7. Күндіз ұйықтап алыңыз. Энергияңыздың таусылып бара жатқанын сезініп, ешнәрсеге мауқыңыз болмаса, отыз минут тынығып алуға тырысыңыз.

8. Офисіңізді дұрыс түсге бояуға тырысыңыз. Көк түс – миға, сары – эмоцияға, қызыл – дене, жасыл – тепе-теңдік сезімдеріне әсер етеді.
9. Түнде электронды техникалармен қолданбаңыз. Мысалы, ұялы телефоннан бөлінген көк түс, ұйқы қандыруға кедергі болады.

10. ” f.lux” бағдарламасын орнатып алуға тырысыңыз. Экраннан салқын түстің бөлінбей, жылы түс шығарады. жылы жарық мелатониннің өндірілуіне кедергі жасамайды және ұйықтап қалуға кедергі келтірмейді.

Қарапайым болып көрінгенімен шын мәнінде өзіңіздің күніңізді тиімді өтуін қалап, қолға алсаңыз орындалары сөзсіз.

 

Фото: pixabay

Total
0
Shares
Previous Post

Гүлзат Көбек: «Кино арқылы әйел мәртебесін арттыра аламыз»

Next Post

Әйгерім Бегімбет: “Әр фотосуретте тіршілік бар!”