Күйеуі тастап кеткен әйел не істеуі керек? - Ikerim.kz

Күйеуі тастап кеткен әйел не істеуі керек?

Әрбір адам өмірінде әртүрлі қиындықтарға кезігеді. Өміріміздегі қара сызықтарды аттау арқылы, әрі қарай өмір сүруге талпынамыз. Алайда, кейбір қиындықтар күрделі болғандықтан, өзгелердің көмегінсіз жеңу оңай емес, тіпті мүмкін емес десек те болады. Біз бұл мақалада “күйеуі тастап кеткен әйелдің не істеу керектігі” туралы сөз қозғаймыз. Өкінішке орай, өмірде әйелдерін тастап кететіндер де аз емес, ал ер азаматтар бұған қатысты өздерінің әрекетін ақтау үшін әйелдер тарапынан кінә іздейді. Бірақ, кінәлі деп санаған адам шын мәнінде кінәлі болмауы мүмкін, ал осындай жағдайда қандай қадамдар жасауымыз керек?  

Сонымен, күйеуі тастап кеткен әйел не істеу керек?

Ең алдымен, бұл жағдайды бақылауыңызда ұстап, әр дүниеге мән беріңіз. Құрбыларыңыз, туыстарыңыз, психологтар – сіздің жағдайыңызда қандай әрекет жасау керектігі жөнінде пайдалы кеңестер береді. Алайда, кейбір кеңестер сізге пайдалы болмауы да мүмкін. Бірақ, айтылған кеңестерді тыңдап қана қоймай,  ойланып, сабыр сақтап, іс жүзінде қолдана бастаңыз. Негізінде көз жасыңызды төгіп жылаудың, күйеуіңізді айыптап, қарсыласудың немесе өз жағдайыңызды айтып шағымданудың ешбір пайдасы жоқ. Сіз шындықты сол қалпында қабылдап, әрі қарай қалай өмір сүру керек екеніңізді шешкеніңіз абзал. Мұны қалай жасаймыз, қалай тыныштық сақтаймыз, жағымсыз эмоциялардан қалай арыламыз?

  • Біріншіден, болған жағдайға көзқарасыңызды өзгертіңіз. Жұбайыңыз сізді тастап кеткені  дұрыс па, әлде бұрыс болды ма? Әрине, бұл сұрақтың жауабы белгісіз! Дегенмен жұбайыңыздың бұл әрекетінен кейін қандай салдар туындағанын біле аласыз. Сіздің өміріңізде қабылданған дұрыс, әрі пайдалы шешім болуы да мүмкін. Тым болмағанда, осы нәрсені ұмытпаңыз. Күйеуіңіздің тастап кеткені айуандық десеңіз, сіз қателесесіз. Өйткені, онымен бірге болашақ өміріңіздің ары қарай жарқын болуына ешкім кепілдік бермейді. Күйеуіңіздің жаныңыздан табылмауы жақын адамыңыздың өміріңізді босатуы ретінде есептесек,  тағы бір қырынан мүлде басқа дүниені байқайсыз. Айталық, кейбір жағдайларда ер азамат жұмысқа бейім емес, үйде аяғын көтеріп тек футбол көретіндері  бар, ал ең сорақысы әйелі мен балаларын ұрып-соғады.  Ойлаудың өзі қорқынышты. Ер адам отбасын тастап, әйелі мен балаларының өміріне зиян тигізбегені әлде қайта жақсы. Сіз бұл пікірмен келісесіз бе? Сондықтан, нақты өмірлік жағдайды бағалау кезінде әрқашан кеңірек ойлауға тырысыңыз, сондай-ақ, оны тек жағымсыз жағынан бағаламаңыз.

Слёзы, Плачет, Слеза, Боль, Несправедливость, Насилие

  • Екіншіден, бәрі сіз ойлағандай жаман емес, керісінше бәрі ойдағыдай екенін түсінгеннен кейін, күйеуіңіз сізді тастап кету себебін анықтай аласыз. Бұл алдағы жасалатын әрекеттерді анықтау үшін қажет нәрсе. Кінә бұл жағдай да одан ғана емес, сізден де кеткен шығар немесе екі тарап ажырасуға тең үлес қосқан болар.  Кейбір еркектер қаржылық қиындықтан, жүкті әйелі мен балаларын асыраудан, оларға білім беруден қорқады. Мұндай қорқақ өзімшілдер де жоқ емес, олар тек өздерінің қара бастарын ойлайды. Сондай-ақ, ең қиын сәтте баласымен бірге әйелін тастап кеткендер, өкінішке орай, өте көп. Мұндай ер адамды қайтарудың да қажеті жоқ екенін түсінген боларсыздар. Оның пайдасынан зияны көп, кез-келген сәтте тағы да сатқындық жасай алады. Махаббат сезімдеріне беріліп, күйеуіңізді ұмыта алмасаңыз,  мамандардың көмегіне жүгініңіз. Олар сізге бұл қиындықтан шығуға жәрдем береді. Егер де жұбайыңыздың кету себебі сізде болса, ол туралы он мәрте ойланып, саралаған дұрыс. Дұрысы, жасаған қателіктеріңізге талдау жасаңыз.

  • Үшіншіден, сіз психологтың кеңесінен кейін көзқарастарыңызды өзгерту арқылы алдағы әрекетеріңізді талдай білуіңіз керек.  Сіздің міндетіңіз – сабыр сақтап, содан кейін ғана іске көшу. Әзірге не болғанын жақсы түсіну үшін жоғарыда аталғанның бәрін қағазға жазып қойыңыз. Яғни, күйеуіңіздің барлық жағымды және жағымсыз жақтарын жазыңыз. Сізді тастап кетудің не керегі бар? Ол неге кінәлі? Осы сұрақтарға жауап іздеп, өзіңізге түсіндіріңіз. Қағаз жүзінде сіздің барлық ойларыңыз түсінуге жеңіл болады. Назарыңызды оларға аудару арқылы сіздің эмоцияларыңыз сабасына түсіп, тыныштала бастайды. Бұл дәл қазір сізге керек нәрсе. Тек қана тыныштық, сонда ғана бәрі дұрыс жаққа реттеледі.

Привлекательный, Красивая, Плач, Темно, Женщины

Әрдайым тек жақсы пікірде болыңыз. Тіпті, күйеуіңіз кетіп бара жатып сіз туралы айтқан сөздері де маңызды емес. Себебі, оның пікірі – жеке басының мүдделеріне негізделді. Сондықтан, өзіңізді төмен бағалау дұрыс емес. Отбасыңыздың ыдырауына қандай үлес қосқаныңызға қарамай, өзіңіз туралы жақсы ойлаңыз. Сізде әрдайым қателіктерді түсінуге және түзетуге уақыт бар. Дәл қазір сіз өзіңізді қолға алып, жігеріңізді жинап, бойыңыздағы сенімділікті қалпына келтіріп, болашағыңыздың жақсы болуын қадағалаңыз. Әрине, жұбайыңыздың тастап кетуі сізді алаңдатады.  Жақсылықтың бәрі алда, бастысы, бүгінгі сынаққа түсіністікпен қараңыз. Өмір жолақтарын түрлі түске, соның ішінде қара түске бояйтын өзіміз. Сондықтан, барлығы өз қолыңызда! Енді күйеуіңіз сізден кеткеннен кейін сіз еркінсіз. Бұл сізге жаңа өмір бастауға жақсы мүмкіндік болып табылады. Сіз оны міндетті түрде пайдалануыңыз керек. Егер әйел психологиялық тұрғыда қалпына келмесе, күйеуі кетіп қалғаннан кейін бос орынды толтыруға тырысып, адасуы мүмкін. Сондықтан, асықпаңыз, бәрінің өз уақыты бар. Демалыңыз, болашақ өміріңіз қандай болу керек, оны қай жерден таба аласыз, не қызықтыратынын мұқият ойлаңыз. Жалпы, әрі қарайғы әрекеттеріңізді жақсылап ойластыруыңыз керек. Қорықпаңыз, бәрі жақсы болады. Уақыт өте келе өзіңізге лайықты адамды жолықтырып, тастап кеткен күйеуіңізді ұмытып кетесіз. Себебі, бәрі сізге байланысты.

Красота, Женщина, Цветами Hat, Крышка, Косметика, Удача

Қымбатты ханымдар, егер де, күйеуіңіздің тастап кету себебіне өзіңіз кінәлі болсаңыз және сіз оны қайтарғыңыз келсе, онда жіберген қателіктеріңізді мұқият саралаған дұрыс.

Қорытындылай келе, қымбатты әйелдер қауымы, кез-келген жағдайда кез-келген әйел өз өмірін реттей алатындығын ұмытпаңыз. Күйеуінің кетуі – бәрінің аяқталғанын білдірмейді. Керісінше бұл жаңа өмірдің бастамасы деп қабылдаңыз. Қорқудың немесе жылап, ашуланудың, депрессияға түсіп, өзін сыртқы әлемнен қоршап тастаудың қажеті жоқ. Эмоцияға қатысты жағымсыз ойлар сізге ғана зиян тигізеді. Қорқыныш, ашу, жеккөрушілік, депрессия – бұлар сіздің жауларыңыз. Олар сіздің алдыңыздағы мүмкіндіктерді көруге кедергі жасайды. Осы қасиеттермен күресіп, ақыл-ойдың көмегімен сіз кез-келген қиыншылықтан аман өтесіз. Сізге тек өмірдің берген мүмкіндіктерін дұрыс пайдалану керек!

 

 

Total
47
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Previous Post

Алма қосылған шарлотканы қалай жасаймыз?

Next Post

Тамақтансам да, қарным тоймайды