Мөлдір Болатқызы, психолог-кеңесші: Балаңызды күніне неше рет құшақтайсыз? Сіз бұл туралы ойланып көрдіңіз бе?
Ендеше, біле жүріңіз! Денелік байланыс – бұл баланың эмоцианалдық резервуарын махаббатты сезінумен толтырудың бір тәсілі. Тамақ қалай қажет болса , денелік байланыс та дәл солай қажет, егер адам өмірінде қандай да бір қажеттілік өз деңгейінде өтелмей қалса ол оның өміріне, мінез -құлқына тікелей әсер етеді, өтірік айту, агрессия немесе сізді елемесе ойланыңыз, балаңыздың қай жасында қандай қажеттілігін өтемедіңіз?
Отбасымен көп және жемісті жұмыс істеген Вирджания Сатир ата-аналарға балаларын күніне бірнеше рет құшақтау керектігіне нұсқау береді. Мысалы, «Әр балаға 4 рет құшақтау жай өмір сүру үшін, ал өзін жақсы сезіну үшін 8 рет құшақтау қажет». Денелік байланысқа мұқтаждық қай жаста болса да маңызды қажеттіліктердің бірі . Өзінің ата–аналарымен денелік байланысқа кез келген жастағы бала мұқтаж болады. Оның үстіне бұл қажеттілік ер балаларда да болатынын ескеру керек. Иығынан қағу, қалжыңдасып алысу ер балаға өсіп келе жатқан күші мен ептілігін, әкесінің еркектік қолдауын сезіндіреді. Бұл «Аю сияқты» арпалысулар ұлдарға маңызды болса, қыздарға “Бұзаудай аймалаулар” қажет. Көңіл бөлу бала тәрбиесінде өте маңызды. Жарты сағат, жарты күн балаңыздың қасында отырып, сапалы 4 минут қарым-қатынас жасамасаңыз, онда уақытыңыз «құмға құйған – суға тең» дегендей, еш пайдасы жоқ. Сапалы көңіл бөлу – ата-ана ешқандай ұсақ-түйек басқа істерге назар салмай, баланың өзіне деген толыққанды риясыз махаббатын сезінетіндей толығымен қараған жағдайды айтады.
Сондықтан, Роберт Рождественский сөзімен айтқанда, әрбір ересек адам есте сақтауы керек: “Қаласаңыз да, қаламасаңыз да, Мәселенің мағынасы мұнда: Ең алдымен біз ата-анамыз. алғанын кейін көрерміз…⠀
Ата-аналық міндеттерін керемет атқарам деп санап жүріп, шын мәнінде баланың материалдық қажеттіліктерін ғана өтеп жүрген ата-аналар сіздердің сауалдарыңызға жауап ретінде пост #Бала неге көп жаңа нәрсе сұрай береді? #жаңа ойыншығын неге сындыруға дайын? Ойланып көрдіңіз бе?
Фото: Ашық дереккөзден алынды