Ынғайсыз сұрақтарға қалай жауап беру керек?

Біз кейде жақын танысымыз айлық немесе басқа да өзімізге қатты ұнай бермейтін сұрақ қойғанда не дерімізді білмей қаламыз. Олай болса, арнайы эксперттің кеңестерін оқып, практикада қолданып көріңіз.

Бұндай сұрақтарға қарапайым үш сөйлем арқылы жауап беруге болады:

Бірінші қадам – сұрақ иесіне позитивті эмоция сыйлаудан бастаңыз: «Мен арамыздағы қарым-қатынасты бағалаймын және сенімен таныс болғаныма қуаныштымын»

Екінші қадам – негізсіз қойылған сұрақтың негативті тұсын айта өтіңіз: «Бірақ маған сенің осы нәрсеге қызығушылығың ұнамайды»

Үшінші қадам – мәселенің шешімін ұсыну: «сондықтан мен бұл тақырыпты бұдан әрі қозғамауды өтінемін», – деп әңгімені аяқтайсыз.

Өз шекараңызды жасаңыз және оны қорғай біліңіз!

Total
15
Shares
Previous Post

Суды дұрыс ішеміз: қашан, қанша және не үшін?

Next Post

Жаңа жылда өзгерісті неден бастаймын?