Жігіт неге хабарласпайды?

«Жігіт неге хабарласпайды?». Көп қыз осы уайыммен күн өткізіп жүргені жасырын емес-ау. Сол үшін талай психологиялық кітап оқып, тренинг жағалайды.

Осы сәтте қыз үшін алдымен, жігіттің өзіне деген шынайы көңілін біліп алып, сенімді түрде әрекет еткені жөн. Мысалы, неге хабарласпайды?  Оның жеке басында қиындық бар ма, әлде сізді қаламай ма?

Шындық – егер ол жігіт жазбаса, іздемесе сізбен қарым-қатынасты тоқтатқысы келгенінің айғағы. Ал ақталу мен кешірім сұрау, тек сіздің көңіліңіз үшін ғана болуы мүмкін.

Мұндай жағдайда қыздың мінезі мен болмысына аса байланысты. Егер оның білімі, өзін-өзі бағалауы, өмір принциптері мықты болса жігіттің олай жасауын дұрыс қабылдап, ол да «ұмыта» салады. Өзін бағалайтын, құрметтейтін қыз әсте жігітке бірінші жазбайтыны рас. Бір рет хабарласпаса жігіттің жағдайына түсіністік танытар, бірақ үнемі емес.

Жігіт неге хабарласпауы мүмкін? Әдетте жақсы көңіл білдіріп жүрген жігіттің жоғалуына психологтардың айтуынша, қыздардың өзі себеп болады екен. Сондықтан оларға үнемі этикет ережелерін білу артық етпейді.

Мысалы, кездесуде тек өзің туралы айтпау, абасқаша болып көрінуге тырыспау, шамадан тыс сұрақ қоймау, оны төмен санап сөйлемеу, бұрынғы ғашықтарың туралы айтпау, жалпы жалықтырып жібермеу. Ал бұлардың ешқайсысы сізде болмаса, өзіңізді айыптамаңыз. Тек ол жігітпен жолыңыз екі бөлек екенін түсіну керек!

Одан басқа, жігіттің жазбауына өзінің де проблемалары әсер етуі мүмкін.

Мінезі, бұрынғы жаралары, қыздан қорқу, төмен бағалау деген сияқты блоктар тұруы мүмкін.

Total
13
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Previous Post

Еріңізді төсекте қызықтыра аласыз ба?

Next Post

Қиярдың ащы дәмін кетірудің 4 тәсілі