Өзіңді сүю – қамқорлық

Өзіңізге деген қамқорлықты ешқашан эгоизммен шадастырмаңыз.  Себебі, өзімізге қамқорлық көрсету тек өз қажеттіліктері орындау дегенді білдірмейді. Өзімізге қамқорлық көрсету арқылы назар мен күш-қуатты жақын жандармен бөлісе аламыз.

Өзіме қамқорлық деген не?

Өзімізге қамқорлық ретінде кез-келген қызметті санауға болады, оның көмегімен біз өз психикалық, эмоционалдық және физикалық денсаулығына күш-қуат, уақыт, ақшаға жұмсаймыз. Теорияда барлығы оңай, бірақ іс жүзінде біз көп нәрсені жіберіп жатамыз. Өзін дұрыс күту,  жақсы көңіл-күйді сақтау және алаңдаушылықты азайту үшін маңызды. Ол сондай-ақ біз өзімізбен және басқалармен дұрыс қарым-қатынас құруымыз үшін де маңызды. Мысалы:

  1. Егер кез-келген іс сізге ыңғайсыз болса, онда оны жасамаңыз.
  2. Өз пікіріңізді білдіруден қорықпаңыз.
  3. Егер бұл сіздің қызығушылығыңызға қайшы келсе, басқаларға ұнауға тырыспаңыз.
  4. Өз түйсігіңізге құлақ асыңыз.
  5. Өзіңіз жайлы құрметсіз тонда сөйлемеңіз.
  6. Ешқашан өз арманыңыздан бас тартпаңыз.
  7. “Жоқ”деп айтуға қорықпа.
  8. “ИӘ”деп айтуға қорықпа.
  9. Өзіңді сыйлай біл.
  10. Бақылай алмайтын нәрсені ұстауға тырыспаңыз.
  11. 11.Қақтығыстар мен негативтерден тыс жүріңіз.
  12. Ең бастысы өзіңді сүй.

Өзіме қамқорлық деп нені санауға болмайды?

Өзіңе қамқорлыққа қарама-қайшы дүниенің не екенін түсіну маңызды.  Егер өзіңізді бір нәрсемен айналысуға мәжбүр етіп жүрсеңіз, ол  қуаныш сыйламаса, бұл қызмет өзіне қамқорлық деп саналмайды.

15 күнге қамқорлық кестесін жасап, осы кезеңге дейін және одан кейін өз көңіл-күйіңізді салыстырыңыз. Есіңізде болсын, өмірде басқалармен қатар, өз-өзіне дұрыс қамқорлық жасау іс-тәжірибесімен келеді.

Total
0
Shares
Previous Post

Тест: қайжерге отыратын едіңіз?

Next Post

Кофе ішуді тоқтатудың 7 жолы